№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Агро аймақ ағайынды еңбекке ұйыстырды

Агро аймақ ағайынды еңбекке ұйыстырды

Үкіметтің бағдары аграрлық саланы экономиканың драйверіне айналдыру. Ол үшін не істемек керек? Кластерлік шаруашылықтарды дамыту маңызды. Сосын агро-индустриялық аймақтар құру арқылы егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру керек. Жаңақорған ауданында осы бағытта жұмыстар жүйеленіп келеді. Соның бірі – Қандөз ауылдық округіндегі агро-индустриялық аймақ.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевтің сөзінше, 2021 жылы барлық агро-аймақтар бойынша 327 гектар жер қоршалып, оның 194,5 гектарын 60 адам игеруде.
– Қандөз ауылындағы агроаймақтың көлемі 60 гектар. Онда тары өсіруге басымдық беріліп, 45 адам маусымдық жұмысқа тартылды. Қаратөбедегі арнайы аймақ 47 гектарды қамтиды. 10 гектар бақша дақылын 2 адам баптап-қарауда. Сүттіқұдық, Ақүйік ауылдық округінде құрылған арнайы аймақтардан мол өнім жиналуда, – дейді сала басшысы.
Алғашқы кездері Қандөз ауылдық округінде агро-индустриялық аймақ құрылады дегенге сенген адамдар аз болды. Судың іргесінде тұрса да, аяқ су шықпайды. Бұл мәселе аудандық бюджеттен қаржы бөліп, арнайы мотор орнатумен шешілді.
– Бізде агроаймақтың көлемі 60 гектарды құрайды, Тұрғындар 40 гектарына тары дақылын орналастырып, 5 гектарына қарбыз екті. Ауылда 45 адам жұмыспен қамтылды. 12 адам кәсіпкер ретінде тіркелді. Ауыл тұрғындары үйіргелік жерге еккен қияр, қызанақ, картоп, сәбізді агро-индустриялық аймаққа баратын сумен суарып отыр. Агроаймақ ауылдағы ағайынды еңбекке ұйыстырды, – дейді Қандөз ауылдық округінің әкімі Кеңес Оразбеков.
Жаңақорған – аграрлық аудан. Халқы егін егуге бейімделген. Тек нақты бағыт-бағдар көрсетсе, еңбек майданында шыңдалуға дайын. Осындай ойды Қандөз ауылының тұрғыны Ержан Асан қуаттайды.
– Біздің елдімекенде агроаймақ құрылады дегенді естіп, қатты қуандық. Сол кезде жүкті көтерген Роза Исаева болды. Бүгінде ауылдағы ағайынды Кеңес Оразбеков еңбекке ұйыстырып келеді. Биыл төртінші жыл игілігін көргелі жүрміз. Өз басым биыл агроаймақтан 5 гектар алып, тары ектім. Оған қосымша қауын, қарбыз, қартоп, сәбіз ектім. Бәрі бала-шағаның несібесі үшін. Бізге жерден несібемізді айыруға мүмкіндік жасап отырған аудан басшыларына алғыс білдіремін, – дейді диқан.
Жерден ризық-несібесін табуға ниетті адамдарға арнайы аймақтан жер беріліп, су жеткізілді. Бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланған қандөздіктер дақыл түрлерін егіп, одан мол өнім алу жолында еңбектенуде.
Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
10 шілде 2021 ж. 2 105 0