№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елорданың нұрлы келбетімен мақтанамын

Елорданың нұрлы келбетімен мақтанамын

2017 жылы Елордаға жол түсіп, «ЭКСПО» көрмесін көру бақыты бұйырған болатын. Әлемдік көрменің кереметін көріп, кейіннен бас шаһардың шырайлы жерлерін, алыстан мұнартып тұратын зәулім-зәулім сарайларын тамашаладым. Араға екі жыл салып қайта барғанымда Елорданың қайта түрленіп, жаңғыра түсетініне көзіміз жетті. Бас қалаға көрік беріп тұрған биік-биік ғимараттардың бой көтеруінде құрылысшылардың еңбегі ерен. Мейлі, ол қатардағы қарапайым жұмысшы болсын, мейлі инженер болсын! Құрылыс саласында адал еңбек етіп жүрген жерлесіміз Самат Айтжанмен телефон арқылы сұхбаттасып, әсем қаланың кешегісі мен бүгінін бағдарладық.
Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Осы жылдары Елорда келбеті көркейіп, жүзі ажарлана түсуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласынының құрылысына атсалысып жүрген Саматтың айтары көп.
– Астана – әсем қала! Рас, бас шаһарда жүргеніме қаншама жылдар зырғып өте шықты. Жыл сайын жаңа жобалар жүзеге асып, сұлулана түсуде. Бастапқы келген жылы қиындау болды. Қазір сол жылдармен салыстырған қаланың келбеті мүлде бөлек, қатты өзгерді, – дейді ол.
Иә, астананың сұлу келбетін ажар­ландырып тұратын «Бәйтерек» монументі, «Нұр Астана» мешіті, «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Солтүстік сәуле ТК» және өзге нысандар аз емес. Әсіресе, спорт кешендері көбірек бой көтеруде, шыны керек, біздің елде спорт саласының серпіні көңіл қуантарлық. Бөліп-жарудың қажеті жоқ, дегенмен күрес, бокс, ауыр атлетика, басқа спорт түрлерінен әлемдік деңгейде алғы көште келеміз. Сондай спорт кешендерінің салынуына кейіпкеріміздің қосқан үлесі басым.
– Былтыр карантиннен кейін жеңіл атлетика спорт кешенінің салынуына қызмет еттім. Одан бөлек Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек са­райының кірпішін қалап, құрылыс жұмысына жұмылдық. Сол секілді, Изумруд демалыс орнының, мешіт құрылысына, театр академиясы мен «KEGOK» АО-ның құрылысына қа­тыстым. Сондай-ақ «Millenium Park» құрылысының басы-қасына болдым. Бұл ірі-ірі жобалардың межесі, бұдан бөлек қаншама құрылыста еңбек еттік.
– «ЭКСПО» көрмесінде де болды деп естіп едік?
– Әрине, «Экспо» павильонында қыз­метте болғаным рас. Жауапкершілік жүгі ауыр болды, миллиондаған қонақтарды қабылдайтын көрме өз елімізде өтетін болғандықтан, бар күш-жігерімізді салдық. Ол кезде қызметім прораб еді, айтпақшы, жоғары айтқан ірі нысандардың басым көбінде прораб болып еңбек еттім. Құрылыс мекемесінің аты – «Нұржар» ЖШС. Дәл қазіргі уақытта Елорда төрінде іргесі қаланып жатқан мешіттің құрылысындамын.
Жаңақорған ауданының тумасы еңбек жолын Ақтау қаласында бастап, одан кейін Алматы, Павлодар қаласында жалғастырады. Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударып, құрылыс саласында қызмет етіп жүргеніне де 12 жыл болыпты.
Бүгінде Самат Айтжан Нұр-Сұлтан қаласының нұрлы келбетімен мақтанып, ондағы айшықты ғимараттарға құрылысшы ретінде із салғанын бақыт санайды.
Әли ТЕМІРБЕК
06 шілде 2021 ж. 1 553 0