№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарбыз керуені экспортқа жол тартты

Қарбыз керуені экспортқа жол тартты

Жаңақорғанның брендіне айналған қарбыз өнімі экспортқа жөнелтілді. Биылғы жылдың алғашқы көшін Ақүйіктегі агро-индустриялық аймақтың диқандары бастады. Ерте көктемнен жер жыртып, дән сеуіп, шілдеге дейін күтіп-баптаған егінші қауым енді өнімін ел және шет елге экспорттауға кірісті. Берекелі Бірліктегі егіс даласына аудан әкімі Руслан Рүстемұлы барып, еңбеккерлердің қызу жұмысымен танысты. Аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков бірге жолға шықты.

Алғашқы болып экспортқа бағыт алған «Ынтымақ» «Агросервис Жаңақорған» ЖШС-нің қарбыздары. Серіктестік төрағасы Мейіржан Құтыбаев делегатты өзі күтіп алып, егіс даласына жол бастады.
– Жігіттер, еңбек қайтсын, биыл өнім қалай болуда?
– Жылдағыдай, шығымы жақсы, бұйыртса, экспортқа көбірек өнім жіберуге тырысамыз. Өйткені, сұраныс жоғары, әсіресе көрші мемлекеттен тапсырыс көп. Келісі 75-77 теңгеден сатылымға шықты.
– Мамандардың айтуынша, биыл қарбыз он күн ерте пісіпті. Оның сыры неде?
– Күтіп-баптауына да байланысты, негізінен жер шұрайлы, керекті қорегін уақытылы беріп тұрса болғаны. Бұйыртса гектарына 40 тонна өнім алу жоспарда бар. Биыл межелі 15 гектарға қарбыз дәнін тастап, енді жемісін көре бастадық. Бір маусымда 25-ке жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндігіміз бар.
– Бағбан ала жаздай маңдай терін төкпесе, халық егіс дәмін қайдан сезінеді, демекші, дала еңбеккерлерінің еңбегі зор. Жер анаға тамшы тер төгіп, ала жаздай ететін еңбектің берекелі болуына тілектеспін. Әсіресе, су тапшылығы кезінде жер асты су көздерін пайдаланып, бабалар дәстүрін жаңғыртып, керіз жүйесін іске қосқандарыңыз көпке үлгі болуда. Сондықтан осы бағытта келер жылы да тың жұмыс жасай беріңіздер.
Аудан басшысымен өзара пікір алмасқан төраға алдағы уақытта аудан нарығына өнімді молырақ жеткізуге уағдаласты. Өйткені, өзіміздің өнімнің сапасы расында жақсы, оған талас жоқ. Керек болса Елорда мен Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, тіпті Ресей халқы мойындап отыр. Ал, Түркістан облысынан келетін өнімнің сапасы жаман емес, дегенмен де жергілікті өнімнің өрісі кеңейгені дұрыс.
Жалпы ауданда биыл ауылдық округтер бойынша жалпы 1900 гектарға бақша дақылдары (қарбыз, қауын) егілді. Былтырғы жылы 3000 тоннаға жуық бақша өнімдері көрші елдерге (Ресей) экспортталған. Биыл да экспорт осы бағытқа межеленеуде.
– Ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамту бағытында тұрғындарға жағдай жасау мақсатында белгіленген Ақүйік ауылдық округіндегі агроаймақта 100 гектар бақша дақылдары егілді. Қазіргі таңда агроаймақта 16 гектар қарбыз өнімі жиналып, оның 300 тоннасы көршілес Ресей еліне экспортталса, қалған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта шілде айының алғашқы онкүндігінде «бренд» саналатын 10 гектарға көшеттеп егілген Жайылма қарбыздарының өнімдері жиналып, халыққа ұсынылатын болады, – деді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.
Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды драйвері. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, әл-ауқатын көтеруде егіннің алар орны бөлек. Әсіресе, қазіргі карантин жағдайында жергілікті өнімге сұраныс жоғары, өйткені сапасы сын көтереді, бағасы да арзан.
– Еуропаның нарығын меңгеру бұл бүгінгі күннің талабы. Мәселен, көрші өзбек ағайындары осы бағытта іске кіріскен. Бұл ел экономикасы мен ауылшаруашылығы саласына мол табыс әкеледі. Біздің шаруалар да осы бағытқа ойысса абзал болар еді. Екіншіден, керіз жүйесі тиімді тәсіл екенін көрсетті. Қазіргідей су тапшылығы уақытында жер асты суын пайдалану жақсы нәтиже көрсетті. Сондықтан, осы бағытта келер жылы агроаймақтың гектарын кеңейтіп, бақша дақылдарына көбірек көңіл бөлуіміз керек, – деді аудан әкімі.
2018 жылы Жаңақорған кенті, Ақүйік, Сүттіқұдық, Төменарық, Қаратөбе және Қан-дөз ауылдық округінде агро-индустриялық аймақ ашылған болатын. Берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланған ақүйіктік ағайынның тындырымды тірлігі биыл да нәтиже көрсетті. Ауылда еңбекке жарамдының барлығы егін алқабынан табылады. Таңның атысы, күннің батысы қарбызды егуден бастап, арамшөптен тазалау, суару, содан кейін шірітіп алмай жинап, сатқанға дейін тайлы-таяғына дейін дамыл таппайды.
Міне, көктем басталысымен баладан бастап, еңкейген қарияға дейін қарбыз нау-қанына үлесін қосуының жемісі көріне бастады. Енді ел ала-жаздайғы еңбектің сәтті аяқталуына тілекші. Шыққан күнмен таласа ауыл сыртындағы алқапқа асығатын елдің жаз бойғы еңбегі де, тіршілігі де осы. Ең бастысы, жерге еткен еңбек жерде қалмайды.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
29 маусым 2021 ж. 1 725 0