№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Грант қаржысын оңды-солды шашуға болмайды

Грант қаржысын оңды-солды шашуға болмайды

Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының мәжілісінде қайтарымыз гранттар беруде ашықтық пен жариялықтың маңызы айтылды, сондай-ақ грант алғандардың базасын жасақтап, әлеуметтік желілерде жұмысшы іздеген кәсіпкерлермен кері байланыс орнатудың маңызы сөз болды.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбековтің мәліметінше, 2020 жылы 649 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізген. Оның басым көпшілігі мал шаруа¬шылығын дамытуды көздеген. Ол мақұлданды да. Соның мүмкіндігімен 467 жұмыссыз азамат мал шаруашылығы бағытында грант алды. Ал, бұдан басқа 38-і сұлулық салонын, 30-ы кондитерлік өнімді, 16-ы техникалық қызмет көрсетуді жоспарлады.
– Былтыр грант алғандар арасында кәсіпкерлігін уақытша тоқтатқан – 7, мүлде жауып тастаған – 16 адам анықталды. Жаңақорған кентінің 9 тұрғыны кәсіпкерлігін жапса, 3-і уақытша тоқтатты. Бұл қатарда Қожакент, Жаңарық, Ақүйік, Жайылма, Сунақта, Қыркеңсе, Қандөз, Төменарық ауылдық округ бар. Грант алған 649 кәсіпкердің 513-і әлеуметтік аударым аудармағаны белгілі болды. Жаңақорған кентінің 6 тұрғыны мен Келінтөбенің 1 азаматы қаржыны мақсатсыз жұмсағаны анықталып, экономикалық сотқа жолданды, – деді Жаңабек Оразбекұлы.
Руслан Рүстемұлы мұның байыбын терең түсініп:
– Тұрлыбеков жолдас, сіздің жұмысыңыз бюджет қаржысын тарату емес, оған мониторинг жасап отыру. Мұны істемек түгілі несие, грант алған азаматтардың елді мекендер бойынша базасы қалыптаспаған. Неге?
Қайтарымсыз қаржы алуға ниетті кәсіп¬керлер алдымен бизнес-жоспар дайындайды. Онда кәсіп түріне байланысты қаржыны қайда, қалай жұмсайтыны және қанша адамды жұмыспен қамтитынын көрсетеді. Сосын комиссияда қор¬ғайды. Менің білуімше солай. Ендеше неге осы уақытқа дейін орталықта осы жөніндегі ақпарат жинақталмады? Бұл – бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол беретін тетік.
Тағы түсінбейтінім, жыл басында қажетті қаржыны сұрап, бюджеттік өтінім бересіздер. Біз өтінімге сай қаржыны бюджеттен толық бөлеміз. Алайда жарты жыл өтпей қаржы жетпей жатыр дейсіздер. Неге? Кім кінәлі? Өздеріңіз! Солай бола тұра, «әкім қаржы қарамайды, экономика бөлімі тиісті қаржыны бермейді» деп адамдарды бізге жібересіздер. Бұл дұрыс па? Сіз мемлекеттік саясатты жүргізетін тұлға ретінде бюджет қаржысын тиімді, оны мақсатты жұмсауды сауатты жүргізуіңіз керек. Соны сіз білесіз бе?
Айналып келгенде, мұның бәрі жұ¬мыс¬ты дұрыс жоспарламауыңыздан, бюджет қаржысын оңды-солды шашып жатқан¬да¬рыңыздан.
Бір мысал айтайын, өткен аптада қабыл¬дауыма Қожакент ауылдық округінің бір тұрғыны келді. Оның айтуынша, орталық грантты 2 мәрте алды деген желеумен сотқа беріпті. Бұл фактіні зерделей түссек, кінә сіздерден. Өйткені қаржыны кім берді? Сіздер бердіңіздер. Неге бір адамға екі рет бердіңіздер, өйткені ақпараттық база жоқ. Ол сынақ тапсырып, бизнес жоспарын қорғады, яғни ақшаны ұрлаған жоқ. Енді мәселені медиация деңгейінде шешудің орнына, сотқа тартасыздар. Әлгі азамат грант қаржысын қайтарамын деп отыр ғой! Мұндай әділетсіздікке орын беруге болмайды, – деді.

06 маусым 2021 ж. 961 0