№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылдық округтердегі кәсіпкерлік деңгейі

Ауылдық округтердегі кәсіпкерлік деңгейі

Кәсіпкерлік ақсап тұрған елді мекендер...
Жыл басынан бері кәсіпкерлігін жауып тастағандар саны артып отыр. Мұны қатты назарға алған аудан әкімі: – Ауыл әкімдері, сіздердің бұдан хабарларыңыз бар ма? Сара­лайтын болсақ, Аққорған – 15, Келінтөбе – 7, Өзгент – 4, Жаңарық – 13, Қыркеңсе – 14, Кейден – 4, Ақүйік – 7, Жаманбай – 15, Манап – 2, Қосүйеңкі – 5, Қыраш – 3, Төменарық – 15, Сүттіқұдық – 11болды. Бұдан кейін ауыл әкімі не қызмет атқарып отыр деген ой туындайды менде. Алақандай ауылдағы жағдай осы. Мұнымен біз қалай дамимыз?
Ең сорақысы – кәсіпкерлікті тек несие мен грант алу үшін ғана ашып, қаржыға қол жет­кізілгеннен кейін жауып тастау фактісін көріп отырмыз. Бұл – мемлекеттік бағдарламалар бойын­ша берілген қаржының түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмегенін көрсетеді. Яғни, мемлекетті алдап, қаржыны талан-таражға салу. Бұған жол берген жұмыспен қамту орталығы мен кент, ауылдық округтің әкімдері, керек болса, жауап бересіздер, – деп 4-ші деңгейлі бюджетке ие болатын әкімдердің дәрменсіздігін дәлелдеп берді.
06 маусым 2021 ж. 855 0