Еркін ойлы – елге құт
Осыған орай, Ақүйік ауыл округінде «Жастардың мүмкіндіктері» тақырыбында тиісті сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Бекзат Омаров, Жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мұсатаев және Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров қатысып, құнды мәліметтермен бөлісті. Кездесу барысында Бекзат Кәрібайқызы грант конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібімен таныстырып, ақпараттық негіздегі жадынамаларды тарқатты.
Қайтарымсыз 2 және 5 миллион теңге инновациялық жобалардың өтетіндігін ескертті. Мұсатаев Руслан өз саласындағы жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламасына қатыстыра алатындығы, қайтарымсыз граттың 583 400 теңгеге өскендігі жайлы хабардар етті. Оған қандай құжаттардың керектігі бойынша және де грант басқа бағытқа жұмсалатын болса қайтаратындығын ескертті. Жастар грант мәселесі бойынша толық сұрақтарына жауап алды.
Арай ИСМАТОВА