№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ДИҚАНШЫНЫҢ дегбірін алып тұр

ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ ДИҚАНШЫНЫҢ дегбірін алып тұр


Бүгінде Сыр беткейге жолы түскеннің айтатыны: «Дария деңгейі тым төмендеп кетіпті», дейді. Расында биыл «Шардара» мен «Көксарай» су қоймасының қоры мәз емес. Бұл өз кезегінде өңірдегі дария сағасынан алыс жатқан елді мекен диқандарының егістік көлемінің кемуіне әкеліп соқтырады. Осыған байланысты облыстан құрылған арнайы жұмысшы топ өкілдері әкімдікте кездесу өткізді. Ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық төрағалары қатысқан басқосуға аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков модераторлық етті.

Көктемгі егіс науқанына қатысты диқандарға түсіндірме жұмысын жүргізуге келген жұмысшы топ құрамында: облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов, ҚР АШМ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария Бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шаменов бар.
Ә дегеннен модератор Ғалымжан Сопбеков Сырдария өзенінде қалыптасып отырған жағдайға байланысты егілетін күріш алқаптарында су тапшылығының алдын-алу мақсатында жұмысшы топ мүшелері ауылдарды аралап, межеленген 7300 гектар күріш көлемін 443 гектарға қысқартып, 6857 гектарға орналастыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Әрине, бұған дейін жыл басында 7800 гектар межеленген болса, кейіннен 7300 гектарға қысқартылған болатын. Енді міне, қалыптасқан жағдайға байланысты тағы да 500 гектарға жуық күріш егістігі кеміді. Сондай-ақ Ғалымжан Сопбеков Келінтөбе магистралды каналының 12 шақырымына тазалау жұмыстары толық аяқталып, наурыз айының 18-нен бастап Сырдария өзенінен Келінтөбе магистралды каналына секундына 15 текшемтр су беріліп жатқанын мәлімдеді.
Мұнан кейін мінберге көтерілген облыс­тық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бахыт Жаханов: «Жалпы биылғы облыс көлеміндегі егістік межесі 179 мың гектар болса, соның 85,8 мыңына – күріш, қалған 93,5 мың гектарға дәнді, 7,2 мың гектарға майлы, 60,7 мың гектарға мал азығы түріндегі, 17,2 мың гектар жерге бақшалық дақылдар егіледі. Десе де, биыл Сырдария өзніндегі қалыптасқан жағдайға байланысты Сырдың ақ маржанын егу аз-кем қысқартылып жатыр. Оған себеп, «Көксарай» су қоймасы тиесілі су қорын жинай алмаған. Жыл сайын бұл уақытта 3 млрд текше метр су жинаса, биыл 2,2 млрд текше метр су жинаған. Ал, «Шардара» су қоймасы 5,2 млрд текше метр су жинап үлгерген. Жалпы, қос су қоймасындағы су қоры 7,4 млрд, – деді Бахыт Жаханов.
Салыстырмалы түрде қарағанда биыл облыс көлеміне келетін су мөлшері 1,8 млрд текше метрге аз. Бұл өз кезегінде егіс көлеміне кері әсерін тигізетінін жеткізді басқарма басшысы. Бахыт Жаханов былтырғы жылдан сабақ алу керектігін атап өтті. Өйткені, өткен жылы облыс бойынша 86 мың гектар күріш егілген. Алайда дариядағы су тапшылығына байланысты 3 мың гектар күріш алқабы судан қалған. Оның ішінде, 600 гектары мүлдем ораққа да түспей қалған.
Міне, осындай қалыптасқан жағдайға байланысты егілетін күріш алқаптарында су тапшылығының алдын-алу мақсатында диқандарға түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.
Ал, ҚР АШМ су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария Бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов аталған 7,4 млрд текше метр судың облыс көлеміне келетіні 2,6 млрд текше метр екенін жеткізді. Инспекция басшысы босатылған суды тиімді пайдалануға шақырды. «Көктемнің бір күні жылға азық» екенін шаруалар қауымы әсте естен шығармау керектігін ескертті. Яғни, жоғарыдан келетін су қоры тым аз болғандықтан барынша үнемді пайдалану керек. Осыған байланысты облыс бойынша 3000 гектар егістік алқабы қысқартылғалы жатқанын жеткізді. Оның ішінде, 500 гектары біздің ауданға тиесілі.
Өз кезегінде «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров каналдардың дер кезінде тазартылмағанын сынға алды. Көптеген ауылдық округтер немқұрайлы қарауы себебінен су межелі орынға толыққанды жетпей жатқанын мәселе етті. Ал, «Жаңақорғансушар» өндірістік учаскесінің басшысы Әбдімажит Ахметов бүгінгі таңға дейін бар-жоғы 6800 гектар алқапқа ғана қожалықтар суға келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Әсіресе, жоңышқа алқаптарына жауапты тұлғалар суғару мәселесіне атүсті қарайтынын жеткізді.
Ел ағалары Рахымбаба Құтыбаев, Керімхан Егізбаев жалпы құны 1 млрд. теңге тұратын Көктөбе елді мекені тұсындағы үрлемелі су тоспасының жайын мәселе етіп көтерді. Алғашқы да 15-20 жылға мүлтіксіз шыдас береді деген үрлемелі су тоспасы 5 жылға шыдамаған. Сондықтанда жаңадан үрлемелі су тоспасын салу жөнінде бастама көтерді. Қазіргі кездегі бір метрлік фундамент құйып, амалдаған дүниенің көпке созылмайтынын жеткізді. Оған қоса, шауа қожалық төрағалары жыл сайын күріш көлемін азайтуды доғарып, керісінше өзге де шешу жолдарын табуды сұрады.
Басқосу соңында модератор Ғалымжан Сопбеков ауылдық округ әкімдеріне «Жаңақорғансушар» мекемесі мен шаруа қожалықтардың екеуара келісімшартқа отыруына нәтижелі жұмыс жасауын тапсырды.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

30 наурыз 2019 ж. 1 069 0