№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату шарты, айырбастау, мұрагерлік ету немесе жалға алу сіздің құқығыңызды растамайды, дегенмен тіркеуге негіз болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қатысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.
Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады: жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар. Яғни, еш зарарсыз орнын ауыстыру қиынға түсетін нәрселер.
Сонымен қатар жылжымайтын мүлік бастапқы және кейінгі нысандар болып екіге бөлінеді. Бастапқы нысандарға ерекше атқарымдық мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстар, қала құрылысының маңызды нысандары, ал екінші мәртеліктерге – жекелеген (бөлінген) құқық объектілері (бірінші мәртелік объектінің құрамына кіретін пәтерлер, жапсарылыс салынған үй-жалар, дүкендер мен офистер) жатады.
Біздің, яғни ҚР азаматтарының әрқайсысының ЖСН және жеке куәлігі бар болатыны секілді, ел аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының да өзіндік бірегей нөмірі (кадастрлық нөмірі) және техникалық төлқұжаты болады. Электрондық үкімет порталының «Жылжымайтын мүлік» бөлімінен Жылжымайтын мүлігіңіздің кадастрлық нөмірін біле аласыздар.
2021 жылғы 26 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңмен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды.
Егер бұрын меншік иесі құқықтардың туындауын тіркеуге уақтылы жүгінбеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қазір меншік иесі осындай жауапкершіліктен босатылды.
Мысалы, басқармамен 2019 жылы 196 тұлғаға, 2020 жылы 36 тұлғаға қатысты ескертулер шығарылды.
Бұл норманың қабылдануы өзгерген жылжымайтын мүлік иесі туралы құқықтық кадастрға уақтылы ақпарат енгізуге мүмкіндік беретін электрондық тіркеуді сәтті қолдану себеп болды.
Осыған байланысты жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы әкімшілік жауапкершілік туралы норма өзектілігін жоғалтты.
Жалпы алғанда, Заң жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін оңайлатуға бағытталған.

С.Ибраев,
Жаңақорған ауданаралық Әділет
басқармасының басшысы,
«Қазақстан заңгерлер» одағының мүшесі.

12 ақпан 2021 ж. 3 935 0