№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

    Әділет органдары – зияткерлік меншік құқықтары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы орган болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік  көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 18 (он сегіз) ай ішінде жүргізіледі. Өтінім берушінің өтінішхаты негізінде сараптама ұйымы мәліметтерді мерзімінен бұрын жариялайды.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды, қағаз түрінде жүргізіледі. Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Порталда – тәулік бойы, қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
    Заңда мына адамдарға жеңілдіктер қарастырылған. (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, білім беру ұйымында оқитындар, жалпы білім беру бастапқы оқу бағдарламасын жүзеге асырушылар, негізгі орта, жалпы орта білім, білім беру ұйымында оқитындар, кәсіби оқу бағдарламасын техникалық және кәсіби білімді жүзеге асырушылар, орта білімнен кейінгі білім, жоғарғы білім, Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
    Өнертабысқа өтінімге өтінімді, оның ішінде формальды сараптаманы жүргізуге өтінімді берудің белгілі мөлшерде төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі және оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі және оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжат қоса беріледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Тиісті төлем жағдайында бұл мерзім екі айдан көп емес уақытқа ұзартыла алады.
    Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады. 

Жаңақорған ауданаралық
Әділет басқармасының бас маманы Ә.Қожантаев
30 шілде 2020 ж. 511 0