№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Виртуалды өмірдің шырғалаңы

Виртуалды өмірдің шырғалаңы


Интернет әлемі ақпараттық коммуникациялық технологияның ажырамас бөлшегіне айналса, екінші жағы, адамзат үшін қауіпті тұстары да көп. Виртуалды өмірге тәуелді адамдарды емдеу тым қиын. Әлем ғалымдары осылай дабыл қағуда. Шын мәнінде солай ма?


Интернет кеңістігінің пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен талай адамды өзіне қызықтырып, құрығына түсіріп үлгерді. Дүние жүзіндегі адамдардың 90 процентке жуығы интернетті тұрақты қолданады. Яғни виртуалды өмірдің шырғалаңына түскен адамдар саны артып келеді.
Бір жағынан интернет желісінің пайдасы көп. Мәселен, оның көмегімен қызмет түрлерін алуға болады. Қазір баланың туу туралы куәлігінен бастап өмірден кез-келген кезінде қажетті құжаттарды интернет арқылы жылдам қол жеткізуге болады. Тіпті АҚШ пен Бразилиядан өзіңізге ұнаған киім-кешек және т.б тауарларды алып, игілігіңізге пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл дегеніңіз, интернет ақпарат алмасудың тетігі ғана емес, өмір сапасын арттыратын құралға айналды деген сөз.
Интернет кеңістігінде Google қосым­шасы тәуілік бойы сіздің қызметіңізде. Әлемдегі ең маңызды жаңалықтарды әп сәтте хабардар ететін сервисдің мүмкіндігі кең. Яғни толғандырған сұрақтарға жауап тауып, өзіңізді рухани тұрғыдан дамыта түсуге болады.
Интернеттің пайдасы адамзат қауым­дастығы коронавирус алқымнан алып, өмір сүру дағдысын өзгерткен кезде қатты кезіндік. Өз-өзін оқшаулаған адам үшін интернет сенімді дос әрі пайдалы ақпараттық ресурсқа айналды. Әлемдегі жағдайды бақылап, пайдалы ілім алып, уақытты пайдалы өткізуге жол ашылды.
Ең бастысы, миллиондаған оқушылар мен студенттер қашықтан білім алып, ілімін арттырды. Егер интернет болмаса, мұндай игілікті пайдалану мүмкін болмас еді. Қазір әлем 5G қолданудың жолын іздестіріп, ақылды қала жобасын тиімді жүзеге асыруға асығып отыр. Себебі ақылды қаладағы өмір сүруге қажетті барлық тетікті интернетке қосып, бақалау жүргізу мүмкіндігі туады. Бұған үйіңіздегі барлық технологияны, көшедегі жарнамалық баннарлерден бастап, көлік қозғалысында маңызды рөл атқаратын бағдаршам және т.б жатқызу керек.
Коронавирус «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қандай деңгейде жүзеге асырылғанын анық көрсетіп берді. Осыған мән берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты ведомства басшысын сынға алды. Ақыры аяғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қызметтен босады. Бұл дегеніміз, цифрландыру, яғни елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету маңызды іс дегенді білдіреді. Цифрландыру Жаңақорған ауданында қалай жүзеге асуда? Әрине аудан орталығында 4G қолдануға мүмкіндік бар. Ал Қосүйіңкі мен Көктөбеде қосылуын күтіп отырмыз. Бірақ әлі көп елді мекенде интернеттің жылдамдығы уақыт ағымына сай еместілігі жасырын емес. Бұл – ойлантатын мәселе.
Өкінішке орай, интернеттің зиянды жақтары көп және одан зардап шегушілер аз емес. Интернетке деген тәуелділік салдарынан жастардың денсаулығына ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті төмендеп бара жатыр. Бұл – ғалымдардың ортақ пікірі. Әсіресе интернет ойындарымен, әлеуметтік желіге желімдей жабысқандар психоло­гиялық көмекке зәру. Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігерінің орынбасары Жібек Жолдасованың айтуынша «Ғаламторға тәуелділікпен ауыратын емделушілер саны жыл өткен сайын көбейіп келеді».
Интернет көмегіне жүгінушілердің көпшілігі әлеуметтік желіні пайда­ланушылар деуге болады. Қазіргі таңда желілер қатары жыл сайын жаңарып, толығып отыр. Көпшілік арасында Instagram, WhatsApp, Facebook, Twitter, Вконтакте, Однаклассникиді қолданады. Бүгінде әлеуметтік желіні өз мүдделеріне сай бизнесті дамытатын құрал ретінде қолданса, енді екіншілері, өздерінің ісін жарнамалайды. Енді бірі ақпарат алу сервизі ретінде қолданады. Яғни күн өткен сайын интернет адам өмірінің ең басты құралына айналып келеді. Бұл – виртуальды өмірдің шырғалаңы түскен адамдардың саны арта береді деген сөз. Сондықтан балабақша мен мектепте жасөспірімдерге интернетті тиімді пайдалануды үйретін сабақтарды жүргізу керек. Мұны уақыт оздырмай жүзуге асыру керек...

Айжан ЫДЫРЫС
29 шілде 2020 ж. 987 0