№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда қайтыс болғандардың денесін ПТР-анықтамасыз жерлемейді

Қазақстанда қайтыс болғандардың денесін ПТР-анықтамасыз жерлемейді

Алматыда Шиповаловтар отбасы бір күннен астам уақыт бойы әкесінің жерлеуіне рұқсат ала алмай жүр.  Жедел жәрдем де, полиция да ПТР сынағының нәтижесі дайын болғанша денені тексеруге келуден бас тартты. Осы уақыт ішінде қайтыс болған 72 жастағы ер адам желдеткіші жоқ бөлмеде жатқан, деп хабарлайды Stan.kz.


Анықталғандай, енді марқұмның туыстарынан міндетті түрде коронавирустың жоқтығы туралы анықтаманы талап етеді екен. Бұл құжатсыз адамды жерлеу мүмкін емес.
Ирина Шиповалова әкесінің жерлеуін ұйымдастыра алмай отыр. Ол үшін полициядан қайтыс болғаны туралы хаттама алу керек екен. Алайда полицейлер келуден тас тартқан. Өйткені енді марқұмға бірінші болып эпидемиологтар келу керек екен. Коронавирусты анықтайтын тест алу қажет, ал оның нәтижесі бірнеше күнде дайын болады. Күн ыстық болған соң денені мәйітханаға апаруды сұраған, бірақ қазір ол мүмкін емес.
«Мәйітханаға апаруға рұқсат бермеді, себебі коронавирус анықтайтын тест нәтижесі жоқ. Жерлеуге де рұқсат бермеді. Ауруханадан оның неден қайтыс болғаны туралы қорытындыны ала алмай отырмын, себебі полицияның хаттамасы жоқ. Бұл – сұмдық. Ол көгеріп кеткен, мәйіттің иісі шығады», – деді Ирина Шиповалова.Біраздан соң мамандар келіп, коронавирусты анықтайтын тест алған, нәтижесі – теріс. Бірақ полиция сол күйі келмеген.
«Бізге адамды дұрыс жерлеу үшін бір ғана қағаз керек», – дейді марқұмның отбасы.

Соңғы кездері осындай шағымдар көбейіп кеткен. Олар да марқұмды жерлей алмай жүргендерін айтқан.
Ал Алматы қаласының полициясы коронавируспен қарсы күрес үшін бекітілген арнайы алгоритм бар екенін мәлімдеді. Егер адам қайтыс болса, маман сынама алу керек, нәтижесі шыққанша мәйітке жақындауға тыйым салынған. Алайда ПТР-тест нәтижесін анықтайтын орындардағы жүктемеге байланысты қорытынды ұзақ күтуге тура келеді. Осы уақыт ішінде марқұм өз үйінде жатады.
«Коронавирусты анықтайтын лабораториядан қайтыс болған адамда Covid-19 жоқтығы туралы анықтама алған кезде ғана оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің тергеу қызметінің қызметкерлері барады», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.Кейіннен Шиповаловтар отбасы полиция келіп, мәйітті ауруханаға апарып, содан соң жерлегенін хабарлады.
21 маусым 2020 ж. 1 030 0