№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » GOOGLE КОМПАНИЯСЫНА 21 МИЛЛИОН ДОЛЛАР АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

GOOGLE КОМПАНИЯСЫНА 21 МИЛЛИОН ДОЛЛАР АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ


Үндістан билігі онлайн-іздеу сегментіндегі өзінің бәсекелестерінен айтарлықтай үстем жағдайын теріс пиғылда пайдаланғаны үшін Google компаниясына 21 миллион доллар айыппұл салған. Үндістанның бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссиясы (CCI) Google компаниясының бәсекелестеріне де, пайдаланушыларына да зиян келтіретіндей етіп іздеу үдерісін қасақана бұрмалаған деген күмән келтірді.

Үндістандағы Google іздеу жүйесі өзінің Google Flight қызметін пайдалануды арттыру мақсатында осындай қадамға барған. Бұл америкалық алып интернет империяға тағылып отырған алғашқы айып емес. 2017 жылдың маусым айында дәл осы мәселеге қатысты Еуропалық комиссия Google корпорациясын интернетте іздеу нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін 2,4 млрд евроға айыппұл салуға шешім қабылдады. Былтыр наурыз айында Чикаго Федералдық соты Google іздеу жүйесі биометриялық деректерді жинау және сақтау арқылы миллиондаған желі пайдаланушыларының құпиялылығын бұзатындығын анықтады. Сот жеке фотосуреттерді пайдаланушылардың келісімінсіз қолданғаны үшін корпорацияның 5000 мың долларға дейін айыппұл төлеуін талап еткен.
2016 жылы Ресей Федерациясының монополияға қарсы қызметі компанияға қарасты Google Inc. және Google Ireland Limited аталатын жүйелердің әрқайсысына 500 мың рубль айыппұл салды.
Дереккөз: мassaget.kz сайты.
14 ақпан 2018 ж. 1 241 0