№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ (әлем елдері Президент күнін қалай тойлайды?)

ҰЛЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ (әлем елдері Президент күнін қалай тойлайды?)

Ұлттың тұтастық мерекесіне айналған Тұңғыш Президент күнінің айрықша мәні бар. Әлемде бұл күнді мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізіп, тойлауды дәстүрге айналдырған елдер аз емес. Мәселен, АҚШ-та Президент күнін мерекелеу ғасырдан асты. Нақтысын айтқанда, 1855 жылдан басталды. Мереке елдің тұңғыш Мемлекет басшысы Джорж Вашингтонның тұсында мемлекеттің тұтастығы мен тәуелсіздігінің символы ретінде енгізілді.
Уақыт өте Президент күнінің мәні артып, 1885 жылы АҚШ-та жалпыұлттық мереке ретінде бекітеді. Жүз алпыс жылдан астам уақыт тойланып келе жатқан мерекеде Вашингтон музей-үйінде көпшілік арнайы костюмдер киіп, той тойлайды.
Президентті құрметтеу Африканың оңтүстік-батысында орналасқан Анголада да сән-салтанатына сай аталады. Саналы өмірін елінің азаттығын, бейбітшілік қалыптастыруға арнаған Ангола Агаштинь отандастарының жүрегіне жауынгерлік рух дарытқаны үшін де үлкен құрметке лайық. Сондықтан, бұл елде ерлік пен жігер, батырлық пен отаншылдық аса қатты бағаланады. Сол үшін де мереке «Ұлт батырлары күні» деп аталады. Мереке әр жылдың 17 қыркүйегінде, Анголаның тұңғыш президенті Ангола Агоштиньнің туған күнінде атап өтіледі.
Бұл күні Ангола халқы елдің алғашқы президентіне ғана емес, Ангола мемлекетінің тәуелсіздігі үшін күрескен барлық батыр­ларына, әсіресе, 1975-2002 жылдар аралығында болған аза­маттық соғыста ерлік көрсеткен жауынгерлеріне деген ризашы­лығын білдіруді ұмыт қалдырмайды.
Мұндай атаулы күндер Еуропада да бар. Соның бірі – Исландия. Бұл елде мереке елдің бесінші пре­зи­денті, яғни кешегі күнге дейін ел тізгінін ұстаған Олавур Рагнар Гримсонның туған күніне орай аталады. Мереке 14 мамырда атап өтіледі. Гримсон Исландия билігіне 1996 жылы келген болатын. Президент күнінде бұл елде ойын-сауық бағдарламалар мен түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Бұл күнді олар «Ту күні» деп те атайды. Себебі, атаулы күнде елдің барлық өңірінде мемлекеттік Туды жоғарды көтеру дәстүрі қалыптасқан. Сондықтан, мерекені олар ұлттық деңгейде, жастарды елдік мүдде жолында тәрбиелеу мақсатында өткізеді.
Азия құрылығы арасында Тәжікстан, Австралия, Жаңа Зеландия және басқа мемлекеттер бұл күнді ұлттық мереке есебінде атап өтеді. Тәжікстандағы бұл күннің шығуында да үлкен мән бар. 2015  жылдың 26 қазанында Парламент­тің төменгі палатасы Эмомали Рахмонға Тәуелсіз Тәжікстанның негізін салушы мәртебесін беруге бірауыздан дауыс берді. Соның нәтижесінде 16 қарашада тәжік жұрты көшбасшысын ұлықтауды дәстүрге айналдырды. Мереке аясында жастарын рухты, намысты етіп тәрбиелеуде рухани шаралар, әсіресе патриоттық кештер ұйымдастырылады.
Ал, Маршалл аралдары бұл күнді 17 қарашада атап өтеді. Бұл күн елдің тұңғыш президенті Имат Кабуаның туған күніне орайластырылған. Тәуелсіздікті бекітетін біршама келіссөздер жасап, елдің азат, бейбіт өмірі үшін күрескен ерлігі үшін аралдықтар Президентіне құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырды. Ерекше жайт, Имат Кабул Маршалл аралының Президенті ғана емес, ол «Маршалл аралдары мәңгілік» атты елдің ұлттық әнұранының әні мен сөзінің авторы. Сондықтан, халқы азаттық күнін Президент мерекесіне ұластырып, думан етіп жалғастырады.
Міне, халықты біріктіретін мерекенің әлем елдері үшін маңыздылығы осында. Ең бастысы елдің Көшбасшысына деген құрметтің жоғары екенін көрсетеді. Құрмет көрсету дегеніміз – ізгілік көрсетуден тұрады. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) «…әділ  патшаны құрметтеу – Алланың ұлық­тығын мойын­даумен бірдей»  дегені бар. Сондықтан халық­ты ұлы істерге, ел болуға үндеген, игілікті баста­маларға шақырып, ұлылықты ұлықтаған басшыларға құрмет көрсету  халықты ұлы мұраттарға  жетелейді. Осыны ұмытпайық...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
01 желтоқсан 2018 ж. 934 0