Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 554

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Туған күн бе, туылған күн бе?

Туған күн бе, туылған күн бе?


Туылған күн сөзіндегі -ыл – ырықсыз етіс. Ырықсыз етісте қимылдың иесі болмайды. Қай кітапты, қай сөздікті ашсаңыз да, дұрысы: «туған күн». Әдебиеттен мысал келтірейік:

 Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Абай Құнанбайұлы Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ілияс Есенберлин
Адам тек жаңа туған кезінде: содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады екен-ау. Оралхан Бөкей Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай... Мұқағали Мақатаев
Сен туған күн – мерекеміз... Мұхтар Шаханов
Төлқұжатыңызда «Туған күні» деп жазылады. «Туған жер, туған өлке, туған-туыс» деп айтамыз.
 Мұхтар Мағауин: «Туылғанға» дауа жоқ екен. Ендеше, келесі саты – «өлінген!» Туылған» жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана бар. Ең сыпайы сөзіміз деп біліңіз.
28 наурыз 2018 ж. 3 451 0