Токиода тайфунға байланысты 900-ден астам әуе рейсі тоқтатылды
Жапонияның батысына «Трами» атты сұрапыл тайфун жақындап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo news агенттігіне сілтеме жасап.
Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетті Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, тайфун елдің батысындағы Kochi префектурасында, Ashizuri мүйісінен оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде 45 км/сағ жылдамдықпен соғып тұр. Кансай халықаралық әуежайы дүйсенбіге дейін жабық. Минамиосуми және Якусима қалаларында, Кагосима префектурасында жауған жауын-шашын сағатына 120 мм-ге дейін жетіп отыр. 900 әуе рейсі тоқтатылып, соның салдарынан 70 мың жолаушы жолынан қалған. Токио, Син-Осака және Хиросима арасындағы теміржол қатынасы да қиындаған. Батыс Жапониядағы көптеген жергілікті теміржол қызметтері жұмысын тоқтатқан. Соңғы мәлімет бойынша, тайфуннан кемінде 50 адам зардап шеккен. Атап өтейік, биыл Жапония бірнеше тайфунға төтеп беруге мәжбүр болды. Соның ішінде «Прапирун» тайфуны Батыс Жапонияға нөсер жауын, су тасқыны, лай көшкінін алып келді. 4 қыркүйек күні «Джеби» тайфуны салдарынан Кансай халықаралық әуежайының терминалы мен ұшу-қону жолағын су басқан болатын.

Пікір 3