№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сауд Арабиясында орынсыз әзіл үшін түрмеге қамайтын заң қабылданды

Сауд Арабиясында орынсыз әзіл үшін түрмеге қамайтын заң қабылданды


Бұдан былай Сауд Арабиясында дін тақырыбында әзіл сипатты жазба қалдырған әлеуметтік желі қолданушылары заң алдында жауап беретін болады. Мұндай жағдайда темір тордың арғы жағында жаза өтеу мерзімі бес жылға дейін созылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілер арқылы күлкілі, мазақ, арандату сипаттағы қоғамдық тәртіпті, діни құндылықтарды және әлеуметтік моральді бұзатын жазба тарату киберқылмыс болып саналады», - делінген ведомствода.
Дәл осы сипаттар бойынша кінәлі деп табылған адамдар 40 күннен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, олар үш миллион риал көлемінде (800 мың доллар) айыппұл төлеуі керек.
Басылымның хабарлауынша, 2012 жылы Сауд Арабиясындағы блогер ислам дінін балағаттағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны және 1000 мәрте қамшымен ұрылғаны туралы жазған.
ДЕРЕККӨЗІ: Baq.kz


06 қыркүйек 2018 ж. 831 0