№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІР ЕЛДІҢ АТАУЫ...

БІР ЕЛДІҢ АТАУЫ...

Баспасөзде де, теледидарда да жиі байқайтынымыз, әсіресе спортшыларды таныстырарда Нидерланд мемлекетінен келген адамдарды Голландиядан келген спортшы деп жатады. Сонымен қайсысы дұрыс? Бұл сұрақтың жауабын іздеу үшін тарихқа үңіліп көрейік. 
"Нидерланд" деген сөздің өзі "жер қойнауы" деген мағынаны береді. Кейбір деректер мұндай атауды Х ғасырда бұл аумақ Рим империясының қол астында болған кезде пайда болды дейді. Бірақ тарих беттерінде "нидерланд" сөзі ХІV ғасырдан бастап кездеседі. Ұзақ уақыт бойы бұл жерде көптеген тайпалар бір-бірімен араласқан күйі өмір сүрген. Неміс билеушілері бұл аумақты өз меншігіне алу үшін оның теңізге жақын орналасқанына қарап "жер қойнауы" деп атаған екен. Уақыт өтті, билеушілер өзгерді, патшалықтар құлады. Соңында "жер қойнауы" деп аталатын ел егемендік алды. Бірақ "Nederland" аты өзгермеді. Қазіргі күнде де әлем саясатында бұл мемлекет осы атаумен тілге алынады. 
Ал енді Голландия атауы қайдан келген дегенге тоқталатын болсақ, бұл Нидерланд мемлекетінің құрамындағы жер атауы. Голландияның өзі Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінеді. Тарихтан мәлім Солтүстіктің астанасы Амстердам қаласы – Голландияның даму, өсу ортасы болған. Орта ғасырда Голландияның мәдени және экономикалық жетістіктерінің дүмпуі бүкіл Еуропаға таралған. 1697 жылы Ресей патшасы Петр І туыстарымен Голландияға келген екен. Ол кемелерін қайта жөндеуден өткізу үшін шеберлерді жалдаған.  Ұсталардан қай жерден келдіңіздер дегенде өз аумағының дамығанынан масаттанған олар Нидерланд емес "Голландиядан келдік" деп жауап берген. 
Уақыт өте келе бұл екі атауды көп адамдар екі мемлекеттің аты деп ойлай бастады. Сондықтан да көбіне шатастырып жатады. Себебі Нидерландтың алтын дәуірінде мемлекеттің экономикасы, құл саудасы және басқа мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнату сияқты жоғары лауазымды адамдар Голландиялықтар болған екен. Олар өз кезегінде Голландия сөзінің жиі айтылып, таралуына сеп болған.

МАССАГЕТ.КЗ

19 тамыз 2018 ж. 996 2

Гость Jeahulalf от 15 ақпан 2019 23:21
Ciprofloxacin Pi Levitra 200 Levitra Online Espana cialis 20mg for sale Arthralgie Clomid

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 02:41
Propecia Without Prescription cialis Amoxicillin Chewables Order Lasix