№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Австралияда әлемдегі ең кәрі орангутан 62 жасында өлді

Австралияда әлемдегі ең кәрі орангутан 62 жасында өлді


Австралияда 62 жыл өмір сүрген әлемдегі ең кәрі орангутанға ұйықтататын дәрі салынды. Пуан атты ұрғашы орангутанға ұйықтататын дәрі салмас бұрын, оны алдымен ветеринарлар қарап шығып, оның қартаюмен байланысты және жануардың өмір сапасына теріс әсер ететін көптеген аурулары бар екендігі туралы қорытындыға келген.Бұл туралы Перта қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкерлері хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Әрбір сүйікті жануарың үшін мұндай шешім қабылдау әрдайым қиын. Бірақ бұл дұрыс шешім және қарт орангутан үшін лайықты нәтиже болды», – дейді примат бөлімінің басшысы Холли Томпсон.
Орангутандардың жабайы табиғатта 50 жылға дейін өмір сүруі сирек кездеседі. Алайда хайуанаттар бағының қызметкерлері атап өткендей, олар Пуан 62 жасқа дейін өмір сүретіндей жақсы жағдай жасаған. Ескере кететін бір жайт, хайуанаттар бағының жануары 2016 жылы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең кәрі орангутан ретінде тіркелген болатын.62 жыл өмір сүрген жануар осы уақытқа дейін 11 бала туған. Оның АҚШ-та, Еуропа-да, Океания және Суматрадағы джунглиде тұратын немерелері бар.
Пуан сөзі индонезия тілінде «ханым» дегенді білдіреді. Бүгінде рекордтар кітабына енген 62 жасында өлген жануар Суматра аралында дүниеге келген. Ол Перт хайуанаттар бағында 1968 жылдың 31 желтоқсанынан бастап өмір сүрді. Оны Жохор сұлтан хайуанаттар бағындағы кейбір австралиялық жануарлардың орнына сыйлаған екен.

19 маусым 2018 ж. 1 144 0