№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Нью-Йорк АҚШ-тағы ең криминалды қала қатарынан қалай шықты?

Нью-Йорк АҚШ-тағы ең криминалды қала қатарынан қалай шықты?


Санжар Боқаев есімді Facebook қолданушысы мемлекеттік қызмет жүйесінде көп жылдық тәжірибені қолдана отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өз ұсынысын тастады. Ол кезінде қылмыс көп жасалатын АҚШ-тағы ең криминалды қалалардың бірі болған Нью-Йорк шаһарының тарихын мысалға келтіріп, Қазақстан қолдануы тиіс тәжірибелерді ұсынды.Криминалды қаланың тарихын мысалға алған Санжар Боқаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамыз ету жөнінде пікір білдірді, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
Америкадағы ең үлкен қала саналатын Нью-Йорк 1980 жылдары АҚШ-тағы ең криминалды қалалардың бірі болды. Онда күніне шамамен 2 мың қылмыс жасалды.
«Шарасыздықты сезіну мен дағдарушылық қала жаңалықтарының түйіндемелерінде және тұрғындардың жалпы көңіл-күйінде айқын көрінді. Еске ала кететін бір жайт, күндізгі телебағдарламалардың бірінде Жоғарғы Манхэттен құрылысшыларының телеарнаға хабарласып, онда бұзақылардың көліктерді еш қиындықсыз, еркін тонап жатқандарын хабарлады. Оны естіген телебағдарлама тез арада оқиға орнына аттанып, тапа-тал түсте автокөліктердің айнасы мен дөңгелектерін ұрлап жатқан тонаушыларды тікелей эфирге түсіріп, жаңалыққа шығарды.
Таң қаларлығы, бұл баяндамадан кейін де ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмады. Кейінірек сол жерде автокөлік тонаушылар алаңда ашық атыс ұйымдастырды. Соның нәтижесінде, балалар ойын алаңында жүрген кішкентай бүлдіршінге оқ тиіп, көз жұмды. Заңға бағынбайтын бұзақылардың қолынан ажал құшқан бала сол жылдардағы Нью-Йорк өмірінің символдарының бірі болып, тіпті суреті «Daily News» журналының мұқабасында жарық көрді.
Сол уақытта қылмысты жеңіп шығу қиын көрінгендей болды. 1990 жылы Уильям Баттон көлік полициясының басшысы болып тағайындалды. Бұл лауазымға келген жаңа полиция басшысы дәл кішігірім қылмыстардың ашылуын қолға алды.
Ол ұрлық, қарақшылық және бұзақылық секілді кішігірім заң бұзушылық пен қылмыстарды тәртіптің жоқтығын дәлелдейтін көрсеткіш деп есептеді. Ал, осының бәрі аса ауыр қылмыстарды жасауға әкеледі.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар, ұрылар мен жол ақысын төлемей жүрген бұзақылардың бәрі метрода қолға түсіп, олар барлық қылмыс жасаушылар ұсталмайынша күтіп тұрды. Осыдан кейін, құқық қорғау органының қызметкерлері заң бұзушыларды полиция автобусына отырғызып, олардан саусақ іздерін алып, дерекқорға енгізді. Олардың көпшілігі өздерімен бірге қару-жарақ алып жүрген. Ал, басқаларында заңмен байланысты қиындықтар болған. Олардың барлығы дерекқорға тіркеліп бақылауға алынды. Содан бастап қалада қылмыс деңгейі күрт төмендеді.
1994 жылы Нью-Йорк қаласының басшысы болып Рудольф Джулиани сайланды. Ол Браттонды көлік бөлімінен алып, қалалық полицияның басшысы етіп тағайындады. Содан кейін қалалық полиция ұсақ қылмыстарға қатысты қатаң ұстанымды ұстады.
«Кішігірім және маңызды емес заң бұзушылықтар бірінші кезекте, дұрыс емес әрекеттерге әкеп, ауыр қылмыстардың жасалуына жол береді»,-деп түсіндірді полиция басшысы Браттон мен қала әкімі Джулиани.
Бұл әңгіме үлкен мегаполистің қалай бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін және кішігірім қылмыстарды елемеу адамдарды қайғы-қасіретке душар ететіні ретінде мысалға алынды.
Біреуді сынға алу деген ойым жоқ. Осы оқиғаға сәйкес мен Алматы қаласының әкімдігіне «Қауіпсіз қала» атты қалалық бағдарлама әзірлеуді ұсынар едім. Оның шеңберінде жағдайға толық талдаудан өткізіп, нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, кішігірім қылмысқа қарсы соғыс жариялау керек. Қылмысты ашу үшін мықты сарапшылар мен мамандарды тарту маңызды.
Бұл мәселеде қоғамдық пікір мен кеңес қалыптастырудың қажеті жоқ. Бұл іске тек өз ісінің шеберлері ғана тартылуы тиіс. «Қауіпсіз қала» бағдарламасын нақты етіп, барлық күштік блокты қайта құру арқылы бекіту керек.
2018 жылдың екінші жартысында Байбек басқарған қалалық Қауіпсіздік Кеңесі қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде тәртіпті қалпына келтіре алар еді. Бұл іс оның қолынан келетініне сенімдімін. Дәл қазір бүкіл қаланы: мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, әкімдікті және азаматтарды “Қауіпсіз қала” бағдарламасы бойынша жинау керек»,-дейді Санжар Боқаев.

24 шілде 2018 ж. 562 0