№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Американдық тұрғынға бір жыл бойы тегін ақша беріледі

Американдық тұрғынға бір жыл бойы тегін ақша беріледі


АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стоктон қаласында негізгі кірісті анықтау үшін тәжірибе жүргізілетін болды. Онда кедейліктің тауқыметін тартып жүрген азаматтарға 18 ай бойы тоғыз мың доллар төленеді. Есеп бойынша әрбір тұрғынға айына 500 АҚШ доллары беріледі. Бұл туралы Fox News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі
Биліктегілер осы жобаның көмегімен 300 мыңнан астам тұрғыны бар бірде-бір қалада кедейліктің тауқыметін тартатын азаматтардың болмауы керек екенін көрсетпекші. АҚШ билігі бұл бағдарламаны 2019 жылдан бастап жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы жоба бойынша кедейліктің шегіне жеткен 100 қала тұрғыны өтемақы алуға құқылы және олар ақшаны өздерінің қалауынша жұмсай алады.
Бүгінде тас кедейлерге ақша тарататын Стоктон қаласын қарыздың астанасы деуге болады, себебі онда әрбір төртінші азамат кедейліктің шегіне жеткен. Ал, отбасының орташа табысы жылына республикалық орташа көрсеткіштен (шамамен 46 мың доллар) 8 мың долларға төмен. Сондай-ақ, қала қымбат құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін миллиондаған долларға қарызға батып, 2012 жылы банкротқа ұшырағандарын жариялаған.
Қала басшысы Майкл Таббстың сөзінше, қаланың бюджеті туристер мен инвесторларды тарту үшін жасалған бағдарламаға кеткен.
Ал, тас кедейлерге ақша тарату тәжірибесін миллиардерлер қаржыландырады екен. Бұл тәжірибеге көптеген атақты адамдар инвестор болуға ниет білдірген, оның ішінде Facebook-тің негізін қалаушы Крис Хьюз бағдарламаға 1 миллион доллар берген.

12 шілде 2018 ж. 801 2

Гость Jeahulalf от 25 ақпан 2019 16:21
Cialis A Basso Prezzo viagra Doryx Without A Script Germany Pharmacy

Гость Jeahulalf от 14 наурыз 2019 09:47
Germany Online Pharmacy viagra Cialis Jus Buy Prevacid 30 Mg Uses Of Keflex