» » Тарихи сәт: АҚШ-та тағы бір штат пайда болуы мүмкін

Тарихи сәт: АҚШ-та тағы бір штат пайда болуы мүмкін


Америка Құрама Штаттарында елу бірінші штат пайда болуы мүмкін. Яғни, қазіргі уақытта АҚШ-қа бағынышты мемлекеттердің бірі Пуэрто-Рико Құрама штаттарға қосылуға ниетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

АҚШ-қа қосылу туралы заң жобасы Пуэрто-Риконың өкілетті өкілі Дженнифер Гонсалес-Колон, сондай-ақ Республикалық және Демократиялық партиялардың конгрессмендері тарапынан Парламентке ұсынылды.
Гонсалес-Колон бұл оқиғаны «тарихи сәт» деп атап, Пуэрто-Риконың «деколонизациялауына» қатысқанына қуанышты екенін айтты.
“Бүгін – тарихи күн. Мен Пуэрто-Риконы отарлықтан босатуға жол ашатындардың бірі болғанымды мақтан етемін”, – деп жазды Пуэрто Риконың өкілі Дженнифер Гонсалес-Колон.
Айта кетейік, Кариб теңізінің жүрегінде орналасқан арал мемлекет жүз жылдан астам уақыттан бері АҚШ-тың бейресми аумағы болды.
Өзінің жеке конституциясы бар ел АҚШ-пен жалпы азаматтық қарым-қатынаста.
Еске сала кетейік, алты жыл бұрын Пуэрто-Рико халқы саяси жүйені өзгертуге кіріскен болатын. Халықтың жартысынан көбі мемлекеттің АҚШ-тың 51-ші штаты болуын қалады. 2017 жылы АҚШ-қа қосылу бойынша дауыс беру өткен. Сонда халықтың 97% -ы АҚШ-қа штат ретінде кіру туралы шешім қабылдады.
04 шілде 2018 ж. 1 019 0