№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 30 жыл бойы аралда өмір сүрген жапондық "Робинзон Крузо"еліне қайтты

30 жыл бойы аралда өмір сүрген жапондық "Робинзон Крузо"еліне қайтты


30 жыл бойы Сатобонари аралында жалғыз өмір сүрген жапондықты жергілікті үкімет өркениетке қайтуға мәжбүр етті. 82 жастағы Мсафуми Нагасаки аралда сусыз, жарықсыз, ұлы телефонсыз және киім-кешексіз ғұмыр кешкен. Үкімет осыған дейін Нагасакиден бірнеше рет адамдар арасына қайтуды сұраған. "Мен бұл аралдан ешқашан кеткім келмейді.

Аралды қорғау кезінде қауіп-қатер төнуінен де қорықпаймын. Мұндай керемет мекенді еш жерден таба алмаймын", – дейді ол. Нагасаки 30 жыл бойы бір ретте қайғырмағанын айтады. "Егер ондай сезімге берілгенімде осы уақытқа дейін аралда тұрмаған болар едім. Бұл жерде бәрі шынайы", – дейді. Нагасакидің бұрынғы өмірі туралы көп мәлімет жоқ. Бұрын жанұсы мен балалары болған. "Робинзон Крузо" сөзіне қарағанда табиғаттың үнемі ластануы оны осы аралға жетелеген. Басында 1-2 жыл тұруды жоспарлаған екен. Бірақ бұл уақыт 30 жылға созылған. "Аралда ешкім маған бұйрық бере алмайды. Мен табиғат заңдарына бағынып өмір сүремін. Сіз табиғатқа әміріңізді жүргізе алмайсыз. Оған мойынсынып қана өмір сүру керек", – дейді Нагасаки.

29 маусым 2018 ж. 961 0