» » Қолдан салынған махаббат аралы

Қолдан салынған махаббат аралы


Суретші Уэйн Адамс пен кәсіби биші Кэтрин Кинг осыдан 25 жыл бұрын салып бастаған жеке аралдарының қызығын көріп отыр. Бір тұрғын үй, 4 жылыжай, би алаңы, шеберхана және қайықтарға арналған гараждан құралған кешен туристер қызығушылығын арттыруда.

Қазір осы жұп туралы ақпарат бар әлемге тарап кетті. 61 жастағы Кэтрин Кинг пен 69 жастағы Уэйн Адамс  өздері "Еркіндік бухтасы" деп атап кеткен аралды ширек ғасыр салып келеді. Оның құрылысының соңғы нүктесі қойылмаған. Өйткені, жұп өз қалаулары мен жаңа қызығушылықтарына байланысты арал көлемін ұлғайта береді. Мысалы, алғашында олар 4 жылыжай салуды жоспарламаған. Бірақ, уақыт өте келе Кэтрин өсірген жеміс-жидектер мен көкөністер кеңістікті қажет етеді.  Адамс пен Кингті 30 жыл бұрын достары таныстырған екен. Екеуі бір-біріне алғаш көргеннен ғашық болған. Содан өмір бойы бірге болуға шешім қабылдап, табиғат құшағына еніп кетеді. Жұптың тойы да осында өткен. Екі баласы да осы аралда туып, ер жеткен. 
Massaget.kz
12 маусым 2018 ж. 1 256 2

Гость Jeahulalf от 22 ақпан 2019 02:33
Meilleur Prix Cialis Generique Prix Cialis France Pharmacie buy cialis Levitra Generic 10mg

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 16:59
Partir Proscar Propecia For Sale Hydrochlorothiazide Sildenafil Citrate 250mg where to buy cialis online safely Levitra 5 Mg Valore Sample Pack Amoxicillin Pregnancy