Asus тачпад орнына сенсорлы дисплейі бар ноутбук шығарды
Электронды технология шығаратын Asus компаниясы тачпад орнына сенсорлы экран орналастырылған ноутбук шығарды. 5,5 дюймді дисплейде қажетті бағдарламалар тақтасы орналастырылған. Asus UX580 атауымен танымал ZenBook Pro 15 ноутбугы таныстырылды. Тачпад орнындағы дисплейдің ажыратымдылығы – 1080р. Оған арнайы бағдарламаларды орнатуға болады.
Ал бастапқыда Microsoft Office, Spotify, YouTubе, калькулятор, т.б. тұрады. Жаңа ноутбук 4К дисплеймен жабдықталған. Процессоры – Intel Core i9-8950HK, ал бейнекартасы – GeForce GTX 1050 Ti. Жедел жады 16 ГБ болса, SSD жинақтауышының жады 1 ТБ-қа тең. Дәл осындай мүмкіндікке ие ноутбуктың құны да жоғары. Бағасы 2 300 доллар көлемінде болмақ. Бұл теңгеге шаққанда 760 мың шамасында. Сатылымға шілде айының ортасында шығады деп күтілуде.
Пікір 3