Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ОФФЛАЙН АУДАРМАШЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ОФФЛАЙН АУДАРМАШЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

 
 Microsoft нейрондық желілерге негізделген алғашқы оффлайн аудармашыны шығарды, – деп жазды hi-news.ru сайты.

Әр адамға кем дегенде бір шет тілін меңгеру мүмкіндігі берілді. Ал егер шетелге бару керек болса, интернеттегі аудармашыны пайдалануға болады. Бірақ олардың бір кемшілігі – интернет болмаса жұмыс жасамайды. Осыны ескерген Microsoft жақын арада нейрондық желілік алгоритмдер негізінде жұмыс істейтін, интернетке қосылуды қажет етпейтін жоғары сапалы оффлайн аудармашыны ұсынды. Нейрондық желілердің алгоритмдеріне негізделген бағдарламалар көмегімен аудару әлдеқайда дәлірек. Microsoft корпорациясының әзірлеушілерінің айтуфнша,  Microsoft Translator-дің модификацияланған нұсқасы жаңартылған нейрондық желілік тіл бумаларын араб, қытай (жеңілдетілген), француз, неміс, итальян, жапон, корей, португал, орыс, испан және тай тілдерін аудара алады. Аударма сапасы басқа ұқсас бағдарламалармен салыстырғанда орташа есеппен 23% құрайды.Microsoft-тың мәлімдемесіне сәйкес, дербес аудармашы функциясы Microsoft Translator API-мен жұмыс істеуге бейімделген үшінші тараптың әзірлеушілері пайдалана алады. IOS және Android үшін дүкендерден жаңартылған нұсқаны жүктеп алуға болады.
Дайындаған: Айсұлу АЛДАНАЗАР.
23 сәуір 2018 ж. 1 559 0