№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғажап ғалымдар –Билл Брайсон

Ғажап ғалымдар –Билл Брайсон


 Ғылымды дәріптеуші болу үшін міндетті түрде ғылыми дәрежеге ие болып, докторлық диссертация қорғау керек емес. Оған дәлел  - америкалық жазушы, жиһангез әрі энтузиаст Билл Брайсон. 2003-жылы жарыққа шыққан «Әлемдегі барлық нәрсенің қысқаша тарихы» («A Short History of Nearly Everything») деген кітабы үшін Брайсон ғылымды дәріптегені үшін берілетін беделді еуропалық Рене Декарт атындағы сыйлыққа ие болды. 2005-жылы бұл кітап тағы да «Aventis» марапатына лайық болды.

Ол Ұлыбританияда бестселлерге айналып, 300 мың данамен сатылды. «Әлемдегі барлық нәрсенің қысқаша тарихы» арнайы білім алмаған, негізінен тек мектептегі химия, физика және биология пәндерінен алған білімдерімен шектелген қалың көпшілікке арналған. Кітап, атауы айтып тұрғандай Ғаламның, ғаламшарлардың пайда болуынан және Жер бетіндегі тіршіліктің жандануынан бастап жорамал апаттар мен мүмкін болатын апокалипсистер сценарийіне дейінгі әлемнің жалпы бейнесі жайлы жазылған. Күрделі ғылыми терминдер, мәліметтер мен тақырыптар мәнерлі, түсінікті ұқсастықтармен және еске тез сақталатын салыстырулармен тілге жеңіл, жатық түсіндірілген. Ал ұлы ғалымдардың өмірінен алынған күлкілі оқиғалар кітаптың сәнін кіргізді. Мысалы, Брайсон бәріміздің үйімізде бар қарапайым тұрмыстық техникамен бір тәжірибе жасауды ұсынады: «Теледидарыңызды ешқандай трансляция жоқ кез-келген арнаға қойыңыз. Экрандағы секіріп тұрған элетростатикалық кедергінің бір процентке жуығы Үлкен Жарылыстың көне іздерімен байланысты. Сондықтан, келесі жолы экранда ешнәрсе жоқ деп шағымданбай тұрып, өзіңіздің Ғаламның пайда болуын бақылауға мүмкіндігіңіз бар екенін есіңізге алғайсыз». Ал автор көп адамның есінен шығып кете беретін салмақ пен массаның айырмашылығын былай түсіндіреді: «Жердің өзінде салмақ пен масса екі түрлі нәрсе. Салмақ – бұл заттың тірекке түсірген немесе ілгекті төмен тартқан күші. Ал масса – бұл долбарлап айтқанда, заттағы заттектің саны. Еркін құлап келе жатқан тас ешнәрсеге қысым түсірмейді. Сондықтан оның салмағы нөлге тең – ол салмақсыздық жағдайында. Ал оның массасы сақталып қалады. Мұны тас басыңызға түскенде бірден сезесіз.» Бұл кітапты ерекше энциклопедия деп атап кетті. Алайда оны толық академиялық оқулық деп қабылдауға болмайды. «Әлемдегі барлық нәрсенің қысқаша тарихында» кітап соңында түгенделіп, көрсетілген бірқатар олқылықтар мен қателіктер бар. Негізі, Брайсон әмбебап мектеп оқулығын жазуды немесе халықаралық жүлде алуды мақсат етіп қойған емес. Ол тек балаларды, жасөспірімдерді және ересек адамдарды ғылымға қызықтырып, біреулердің әрі қарай терең зерттеулер жүргізуіне шабыт беріп, көпшілікті бір қарағанда күрделі, бірақ дұрыс қырынан қарай білсе шын мәнінде қызықты пәндерге деген қызығушылығын арттырғысы келді. 


02 мамыр 2018 ж. 924 0