№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғажап ғалымдар – Стивен Хокинг

Ғажап ғалымдар – Стивен Хокинг


Жақында ғана, 2018-жылдың 14-наурызында әлем Стивен Хокингпен – заманымыздың ең ықпалды және беделді ғалымдарының бірімен қош айтысты. Физик-теоретик, кванттық космологияның негізін қалаушы, жазушы және біздің Ғалам туралы түсінігімізді өзгерткен, бірнеше адам нанғысыз болжамдарды алға тартқан зерттеуші, әрі көзі тірісінде ғылымды дәріптеген керемет жан. Хокинг үнемі өз көзқарастарын көпшілікке неғұрлым көбірек таратып, жұмыстарын бәріне қол жетімді етуге тырысты. Ол дәрістер оқыды, студенттермен, өзін құрметтеген жандармен және тілшілермен әзілдесті, камео ретінде киноға түсіп, теледумандарға қатысты.  Оның 1988-жылы шыққан «Уақыттың қысқа тарихы» деген кітабы әлемдік бестселлерге айналды. 20 жылда ғана оның 10 миллион данасы сатылып кетті.

Ол кітапта өте маңызды ғылыми тақырыптар (Ғаламның жаратылысы, кеңістік пен уақыт табиғаты, қара құрдымдар, математикалық парадокастар және Суперстриң Теориясы (Бау теориясы) көтерілгенімен, кітап жеңіл әрі қызықты тілмен жазылған. Ең бастысы – кітап беттерінен тек бір ғана формуланы, мектеп партасынан бері білетін E=mc² фомуласын ғана кездестіруге болады. Ғылым саласында Хокингті тек астрофизика ғана қызықтырған жоқ, ғалымға Ғаламның барлық үрдістері мен нысандары қызықты болды. Мысалы, ол бөгде ғаламшарлықтардың басып кіруінің мүмкін болатын сценарий туралы гипотезаны алға тартты: «Егер бір кездері басқа өркениеттің өкілдері Жер бетіне келетін болса, бұл Колумбтың Американы ашқаны сияқты болады. Естеріңізде болар, байырғы тұрғындар үшін мұның арты жақсылыққа апармаған. Тек, енді бөгде ғаламшарлықтар ұшып келген жағдайда, бейбіт ниетпен келеді деп үмітену ғана қалады». Сонымен қатар, Хокинг медицина саласындағы инновациялық зерттеулерге қатты қызықты: «Мен бүкіл өмірімді космостың ақыл жетпейтін құпияларын зерттеуге арнадым. Алайда, мені таңқалдыруын қоймайтын тағы бір параллель Ғалам бар – ол өз жасушамыздың бүтін бір галактикасы. Бүгінде біз медицинаның жаңа дәуірінің табалдырығында тұрмыз -  бұл барлық сырқаттарды емдей алатын дәуір. Осының бәрі өз денеміздегі микроскопиялық бөлшектер – бағаналы жасушалардың арқасында.»    Стивен Хокинг әлемге ғылым – тереңіне тек таңдаулы адамдар ғана жете алатын абстрактілі, ақылға қонбайтын, құпия материя емес, кез-келген ынтасы бар адам ұғына алатын, түсінуге жеңіл, қызықты шындық екенін түсіндірді. Сол үшін оны әлемдегі миллиондаған адамдар жақсы көреді:  Хокинг талай рет әйгілі мультфильмдердің кейіпкеріне айналды, ғылыми-фантастикалық телехикаяларға түсті, ал «Pink Floyd» тобы оның бәріне танымал синтезделген даусын «Keep Talking» композициясына қосты.
02 мамыр 2018 ж. 1 115 0