Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Ауыл комментаторы

Ауыл комментаторы

Қожакент ауылында “Думан” деп аталатын вокальды-инструментальды ансамбль бар. Бұл ансамбль жетпіс жетінші жылдары ауылда тұңғыш қазығын қадаған өнерпаз ұжымның заңды жалғасы. Сол кездегі ансамбль негізін қалаған Әсілбек Ысқақов өзінің “бір сырлы, сегіз қырлы” екенін дәлелдеген азамат. Бүгінде ел ағасы деңгейіне жеткен өнер иесі той-жиындарды басқарып, жұртты аузына қаратудан әлі де танбай келеді. Ол асаба ғана емес, спорт комментаторы да.
«Бүгін ауылымызда Социалистік Еңбек Ері Арапбек Әбиев атында футболдан жүлде өтуде. Командалар ойыны басталды. Шаршы алаңда Бірлік пен Қожакенттің сайыпқырандары. Доданың мәресі ә дегеннен тартысты тарқатылуда. Әне, ақүйіктіктер аладопты оң қанаттан сол қанатқа қарай асырды. Әуеден қағып түсірген Әбілқасымов әбжіл қимылмен Пірәлиевке періп жіберді, Пірәлиевтен Сейдахметовке, Сейдахметовтен Әлімбетовке! Поворот! Қақпадан екі метрге аут кетті. Қап! Сейдахметов қайта соқты! Голл!» Мынау қызылкеңірдек деуге келетін керемет ащы дауыс футбол дегенің мұрнына иісі бармас маубасыңның да делебесін қоздырып ортаға суырып шығарардай шаңқылдап тұр. Қарсы жақтан жанкүйер боп отырған қара шал да қаны қыза шыдамай кетіп іштегісін ақтарып жатыр. «Ойыншыларыңды несін кінәлайсың? Одан да диктордың тілін қырқ, күш беріп тұрған сол. Сол!» Біреуге күш беру қайдам, бұл кісінің орнында сүйегі жасық, иіні бос әлдекім әлдеқашан күйреп, күйзеліп, біреуге масыл болар ма еді. Екі жасында тайлақтан құлап мертігіп, омыртқасы сынып, тас қалыпқа құндақталып ауруханада үш жыл жатқанында бала болса да басқа түскенге құлдық қып қыбырсыз жатуға шыдаған шымыр кеуде қол-аяғы жүріп, тілі сайрап тұрғанда неден жасқанып, неден жаңылсын? Шаршы алаңда шабуылдаған аяқдопшылардан өңге дүниені ұмытып, өткір жанары қарауылдағыны қалт жібермей көргенін көмейден төккен бұл еріңіз – Ысқақов Әсілбектің жасы бүгінде алпыстың сегізіне де келіп қалыпты. Өзін Николай Озеревтың фанатымын деп есептейтін бұл кісі спорт комментаторлығын тоқтатқанына бірер жыл ғана болды. Бұған дейін осындай қарым-қабілетімен ол кісінің есімі ауданды қойып, облыс көлеміне де белгілі болып қалған еді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, бүкіл өмірі көпшіліктің қуаныш-ренішіне ортақтасумен, елдік шараларды ұйымдастырып өтіп, саналы ғұмырында көптен бір елі ажырап көрмеген осы бір ақ пейіл ағамызды сәрсенбінің сәтті күні біз әдейілеп іздеп бардық. Бүгінде бір ұяда қанаттанған сегіз перзентін сегіз қиырға ұшырып салып, құттыханада
---
03 қаңтар 2024 ж. 122 0