№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Кәсіби бағдар - болашаққа бір қадам

Кәсіби бағдар - болашаққа бір қадам

Жұма күні Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ бастамасымен Қыркеңсе ауылдық округі №213 жалпы орта мектебінің 9-11-сынып оқушыларына түрлі сала өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ауыл шаруашылығының ардагері Абай Шерниязов, Машбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Тәжібек Тайбеков, Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің ұстаздары Біржан Ахметов, Нұрлан Мұхамбетов, «Тігінші» мамандығының 2 курс студенті Балжан Балтабай, Әбдіғаппар ауылдық клубының сүйемелдеушісі Назгул Оразбекова, №7 спорт мектебінің жатықтырушысы Асхан Саят, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ақтөре Дәрібаев қатысты.
Шара аясында болашақ мамандық иелеріне сала мамандары өз бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кең көлемді ақпараттар ұсынды.


27 ақпан 2023 ж. 185 0