» Тарихи орын тағылымы

Тарихи орын тағылымы

Қоғамның сан ғасырлық тарихы мен салтдәстүрін, өнері мен мәдениетін, ғылымы мен білімін, өткені мен бүгінін жылдар қойнауындағы құндылығымен қоса кейінгі ұрпаққа насихаттауда музейдің маңызы өте зор. Ол – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын бірден бір рухани орда.


Осынау рухани орданың тынысымен мүмкіндігі шектеулілер санатында есепте тұрған біршеше жас өскінді таныстыру мақ.сатында музейге экскурсия ұйымдастыруға мұрындық болған мекеме басшысы Ажар Жанаеваның ұсынысымен бейсенбі күні балалар аталмыш орынға келді. Музейде жөндеу жұмыстар жүргізіліп, көрме залдары қайтадан жасақталған екен. «Жаңа жыл қарсаңында жеткіншектерімізді жақсыны көрсін деп арнайы шақырып отырмыз», – деді ол.

Музей экспозициясымен таныстыруды бастаған музейдің экскурсанты Бақдаулет Таждинов алдымен бірінші залдағы аудан табиғаты бейнеленген картиналар және территориямызды мекендейтін жан-жануарлар: ақбөкен, бүркіт, қасқыр, мүсіндерін қызықтады. Келесі бұрышта қыз-келіншектерге арналған құнды әшекей бұйымдар көз тартса, этнографиялық бөлімде киіз үйге арналған, ағаштан ою ойған ұсталардын қолынан шыққан бұйымдарды көрсетті. Одан әрі музей экспозициясында орналасқан ежелгі және ортағасырлық жергілікті халық ұстап тұтынған бұйымдар да көп екен. Одан өзге мәдениет, ғылымбілім, медицинаның, спорт саласының экспонаттарымен танысып, ұстап көріп балалар қызығып тамашалап жан-жақты мәліметтерді тыңдады.\

Тарихы терең музейде өлкеміздегі еңбек ерлері, өнер өкілдері, жайлы сыр шертетін экспозициялық залдар бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихынан толық мағлұмат берілді.


Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары, – деді сөз алған аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова. Балаларымыздың танымын арттырып, тамаша әсер сыйлаған музей қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Музей басшысы Ажар Жанаева бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, ыстық лебізін білдіріп балаларға арнайы сый-сыяпатын табыстады. Мәз-майрам балалардың қуаныштарында шек болмады. Бұл үшін атааналар да алғысын жаудырды.

Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертенге деген сенімінің кепілі. Адам өмірінің мәні мен сәні де бала. Бүгінгідей шаралар балалардың айналадағы ортаға бейімделуіне, өзін азамат ретінде сезіне отырып адамдармен тең дәрежеде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.

Ақнұр Яхияева, Жаңақорған ауданының
жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар
және Ахат бөлімінің әлеуметтік маманы

---
03 маусым 2023 ж. 153 0