№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Бақытқа кенелген жан

Бақытқа кенелген жан

Классик жазушы Ғабит Мүсірепов «Біреулерді қызмет көріктендірсе, енді біреулер қызметке көрік береді» – деген екен. 33 жыл мәдениет саласында тапжылмай еңбек еткен Назира Құдайбергенқызын осы қатарға жатқызуға болады. Бұл кісіні тарихшы, педагог, мұражай қызметкері ретінде танымал. Ол еңбек жолын Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсовод қызметінен бастаған.Алматы қаласындағы мемлекеттік орталық мұражайында бөлім меңгерушісі А.Жұбанов атындағы мемориалдық үйі мен саяси қуғын-сүргін мұражайының директоры, қалалық тарихи мұражайдың бөлім меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
Кейінгі он жылдай репрессия, ашаршылық, Алаш және Қазақстандағы кеңестік саяси қудаланған қайраткерлер мен олардың отбасы әйелдері жайында құнды деректерді, материалдық экспонаттарды жинап, арнайы ақпараттық қорға ұсынып отырды.
Сонымен қатар республика бойынша 45-тен аса мұражайлардың тақырыптық ғылыми жобаларының авторы, әсіресе Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Ы.Жақаев, Н.Бекежанов мұражайлары мемориалдық кешенінің, Атыраудағы Маханбет, Шымкенттегі Абай саяси қуғын-сүргін мұражайы,Түркістандағы Н.Төреқұлов, Алматыдағы Министрлер кеңсесі, Тынышбаев атындағы Көлік және байланыс академиясы, А.Жұбанов, Д.Қонаев, Қаскелеңдегі Н.Назарбаев мектебінің мұражайы тағы да басқа орталықтарына өз қолының ізін қалдырды.
Ауылда туып-өсіп, жоғары білім алып, мұражай қызметінің қыр-сырын жетік меңгерген Назира Құдайбергенқызы өзінің шын көңілімен сол кездегі қоғам қайраткерлері, әсіресе өзі ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Алматы қалалық тарихи-өлкетану музейінің саяси қуғын-сүргіндер бөлімін басқарған еді.
Ал, репрессиялар тарихи музейін ашу идеясын алғаш рет өткен ғасырдың 90 жылдары Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы көтерген болатын. Бұл ұйым елді коммунистік партия мен совет өкіметі билеп тұрған дәуірде қайта құру саясаты жарияланған шақта шаңырақ көтерген-ді. Қоғам өзінің алғаш қадамымен-ақ Сталинизм қылмыстарын әшкерелеуге бағытталған нақты істері мен жұртшылық көңілінен шықты.
Бір топ әділетшіні президент Н.Назарбаев қоғамның 10 жылдығына орай арнайы қабылдап, оларға бұрынғы НКВД ғимаратын саяси репрессиялар тарихи музейін ашу, атылғандар мен көмілгендерге Алматы түбіндегі Жаңалық қорымына кешенді ескерткіш тұрғызу, қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының естеліктерін кітап етіп шығаруға пәрмен берді. Жаңалықта мемориал тұрғызылып, оны Президент өзі ашты.
Содан кейін экспонаттар қалалық өлкетану музейіне беріліп, негізінде мұражайда саяси репрессиялар тарихын қарастыратын бөлім ашылып, оның меңгерушісі Н.Құдайбергенқызы болатын.
Өз ісіне жан-тәнімен берілген Назира Алматы қаласының тарихымен байланысты және саяси қуғын-сүргін тақырыбында зерттеу жұмыстарымен айналыса жүріп, С.Жансүгіров ағамыздан белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, фантаст жазушы, кинодраматург, спортшы  Талапбек Сұлтанбекұлының шаңырағына  барып, өмір деректерімен танысып, музей қорына материал жинап жүріп, Ілияс Жансүгіровпен туыс екендігін білді.
1932-1933 жылдардағы аштықты басынан кешіріп, 1937 жылы С.Берсүгіров, Ә.Ермеков, С.Асфендияров, М.Тынышбаев секілді Алашорда көсемдерінің шәкірті, әрі Илястың туысы болғандығынан ұсталып атылып кетеді, Дәмеш 2 баласымен Ақмола лагеріне қамалып, жер аударылады.
1954-1955 оқу жылдарында Шамалған ауылына мектепке орыс тілі әдебиетінен сабақ беруге Талапбек ағамыз келіп,Президентіміз,Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа сабақ береді.
Өмірге келгендігін адамдық парыз деп біліп, білім қуып, басқаға үйретуді, ұлт өкілі ретінде қазақтың ұлттық қасиетіне адал болып, ұлт тарихына үңіліп, ұлылардың рухын биіктеткен абзал азаматымыз Т.Сұлтанбекұлы әдебиетіміз бен мәдениетімізге қалдырған асыл мұрасы үлкенге де, кішіге де рухани мол қазына.
Асқар таулар, биік шыңдар ешқашан аласармайды. Шоқтығы биік азаматтар да сондай. Олар уақыт өтіп, алыстаған сайын тұлғаланып, халқына жақындай түседі.
Кесек тұлғаларымыздың бірі, қоғам, мемлекет қайраткері, Қазақстанның заң жөніндегі тұңғыш комиссары және тұңғыш прокуроры болған С.Есқараев небәрі 41 жыл өмір сүріп, қыршыннан қиылған. Сүлеймен Есқараев туралы Қазақстан Республикасының Президенті мұрағаты қорынан алынған «Қазақстан халық комиссарлары» атты өмірбаянында 1937 жылы тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілген, 1957 жылы ақталғаны жазылған. 1938 жылдың 25 ақпанынан 13 наурызына дейін А.Горячев тобы 631 адамның ісін қарап, 15-20 минут ішінде ату жазасына кесті. Айталық, алғашқы күні 25 ақпан күні С.Асфендияров, С.Есқараев, Қ.Жұбанов, Т.Жүргенов, С.Меңдешов, А.Мусин,  Ж.Сәдуақасов, С.Ташпатов, Ғ.Тоғжанов барлығы 39 адам оққа ұшқаны анықтаса, көп ұзамай «Халық жауының әйелі» деп Марияны 8 жылға Ақмола әйелдер лагеріне (Алжир) айдап жіберген.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері халқымыздың аяулы перзенттерінің бірі Ұзақбай Құлымбетов 1925-1937 жылдары Қазақ АССР халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы, қазақ өлкелік орталық атқару комитетінің (Казцик) төрағасы қызметтерінде болып, республикадағы өнеркәсіптің қалыптасуына Түрксіб теміржол құрылысының салынуы,Қызылорда, Алматы қалаларының астана болуына басшылық жасап, ол кезде қазақ кеңестік автономиялық республикасы одақтық республикасы мәртебесін алып, Қазақ ССР-нің жаңа конституциясын бекітіп, 1938 жылдың 25 ақпанында «халық жауы» деген жаламен Алматы қаласында атылған.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов жайлы айтқанда өткен ғасырдың қасіретіне – кеңестік солақай саясаттың салдарынан республикамызда 118 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, азаптау лагерлерінде ұсталғандығы, қазақ халқының және осы жерде мекендеген өзге ұлттарды қосқанда 25 мың адам жалған жаламен атылғандығын айта кетпесе болмайды. Нығмет Нұрмақов 2 жылдық орыс-қазақ училищесін, Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген. 1911 жылы Ә.Бөкейханов, И.Ақбаевөзімен бірге оқитын С.Сейфуллин, М.Жұмабаевтармен «Бірлік» деген жасырын ұйым құрады. Нығмет Нұрмақов қазақ мәдениетінің өрлеуіне көп үлес қосқан қайраткер. Ол Қызылордада қазақ театрының ашылуына, әйгілі әнші Ә.Қашаубаевтың Парижге баруына қол ұшын берген азамат. Сондай-ақ А.Затаевичтің 1000 ән-күйлерінің басылып шығуына ықпал жасаған. Нығмет Нұрмақов ұлтжандылық қасиеті кеңес үкіметіне қарсы құрылған ұлттық пантютистік қоғамды ұйымдастырушылардың бірі деген жалған айыппен Мәскеу қаласында 1937 жылы өзі, әкесі және інісі атылған. Нығмет салған сара жол өз халқының жүрегінде ақтаңдақ ізбен қалды. Небәрі 42 жыл өмір сүріп, өмірін толассыз күреспен өткізіп, ұлтының бақыты үшін басын бәйгеге тіккен марқасқа боздақтың есімі алаштың есінде мәңгі сақталмақ.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетов қазақ КСР орталық атқару комитетінің төрағасы, республикасы Қызылордаға көшкен кезде Қазақ республикасы орталық халық шаруашылығы қызметіне бекітіліп, шаруашылықты басқарудың  күрделі кезеңінде іс тізгінін қолға алып Жетіқара, Аққарға, Бозбие алтын кеніштерін Қазақ ССРне қайтару, «Електұз» кәсіпорнын игеру, Ембі мұнай өндіру зауытын тау-кен өнеркәсібін дамытуға 23 миллион сом ақша бөліп, «АтбасЦветМет»,«Алтайказ» полиметалл тресттерін ашуға ұйытқы болды.
Асыра сілтеу кезеңдерінде республикадағы мал саны 40 миллионнан 4 миллионға азайып, аштық құрсауынан қашқан жүзмыңдаған қазақ босқынға айналды, миллиондаған адам аштан қырылды. Ұ.Құлымбетов Карлаг, Алжир сияқты өлім лагерлерінің қазақ жеріне орналасқанына қарсы болған. Сталиндік әкімшіл–әміршілдік жүйе көптеген жұмыстарына кедергі болды. Ұзақбай атамыздың есімін халқына қайта таныта алдық па, бұл болашақ ұрпақ алдында баршамыздың парызымыз емес пе?
Мемлекетіміздің астанасы болған Алматы қаласы тарихын бастауында Левон Исаевич Мирзоянның алатын орны ерекше. Беделді, күшті басшы бола білген, Қазақстан өлкелік партия комитетінің секретары ВКП (б), ұлттық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, 1934 жылы И.В.Сталинге Алматы құрылысына қажетті 25 ЧТЗ , 50 жүк машинасы, 30-40 жүк таситын машина сұраған. Тамаша сәулетті ғимараттары, әсем театрлар, концерттік залдар, киностудия, байланыс үйі, тамақ өнеркәсібі, әкімшілік, кеңшарлар жоғары кеңес төрағасының, емдеу клиникасы, теміржол вокзалы, опера және балет теарты, хайуанаттар паркін ашуға күш салды. Ол кісі қазақтармен қазақша сөйлесіп, қазақтар оны Мырзажан деп атады. 1937 жылы атылып кеткені жөнінде деректер бар.
«Өткен күндерді еске түсірудегі мақсатымыз: Бастан кешкен қасіретіміздің себептерін саралау, халқымызды тәуелсіздікке бастайтын өз тағдырын өзі айқындауға жеткізетін ең тура жолды анықтап алу болып табылады» - деген М.Шоқай.
Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихында кеңестік кезеңнің жерімізге, халқымызға тигізген зардаптары, дәлірек айтсақ «ақтаңдақтар» туралы бүгінде көптеп жарық көруде. Қазақстан «Әділет» тарихи ағарту қоғамы кеңестер одағындағы жаппай саяси қуғын-сүргін науқанының басталуының 75 жылдығына орай КСРО жоғары соты әскери алқасы көшпелі сессиясының үкімімен Алматыда халық жауларын топтап ату басталған. Қазақстан тарихының қаралы кезеңіне жататын «Үлкен террор» жылдары 120 мыңдай адам халық жауы деп сотталып, 25 мыңы атылған болатын.    1937-1946 жылдары атылған 4121 адам «Жаңалық» мемориалдық тақта қорымына жерленген. Жазықсыз жалған жаланың құрбаны болған сол азаматтардың қираған шаңырақтарының астында зарлаған жары, жылаған ұрпақтары қалды. Күні бүгінге дейін саяси қуғын-сүргін бөліміне әкесін іздеген балалар немесе атасын іздеген немерелер хабарласып жатады. Азалы кітаптың 9 шығарылымы – бұл жаппай саяси қуғын-сүргіннің кінәсіз құрбандарына арналған ескерткіш. Онда сотсыз, тергеусіз атылғандар режимсіз құқықсыз құрбандарының тағдырлары біздің тарихымызға қасірет тақырыбымен таңбаланды. Саяси қуғын-сүргін мерзімі өтті деген  ұғым қолданылмайды деп жазады Н.Құдайбергенқызы. Өткен кезең бізден қашықтаған сайын санамыздан тұмандана береді.  Біршама уақыт өткеннен кейін сол кезеңнің тірі куәлары арамыздан өтеді. Халқымыздың басынан кешіргендерін еске алу қаншалықты ауыр болғанымен, оның ақиқаты мен шындығын ашып отыру келер ұрпақтың парызы болып қала береді.
Қоғам қайраткері М.Қозыбаевтың берген сұқбатында 1937-1938 жылдары ұлы террор кезінде Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 23 мыңнан астамы атылғаны, тек Алматы облысының өзінде 2209 адамның өлімге кесілгенін айтса да жеткілікті.
КСРО жоғары соты әскери коллегиясының әрекетімен Алматы қаласындағы 1938 жылдың ақпан наурыз айларында өткен көшпелі сессия үкімі бойынша 631 адам атылған. Мәселен: 25 ақпанда С.Асфендияров, С.Есқараев, Қ.Жұбанов, Т.Жүргенов, С.Меңдешов, А.Мусин,  Ж.Сәдуақасов, С.Сейфуллин барлығы 39 адам, 26 ақпанда І.Жансүгіров, І.Қабылов, С.Күленов, Б.Майлин барлығы 37 адам атылған. (5.177 б)
Ату жазасына үкім шығарылған күні 1932 жылы арнайы Мәскеудің жобасымен салынған ІІХҚ ғимаратының подвалында орындалып, түнімен Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылының маңында аштан қырылған Диханбай елді мекенінің жұртына апарып көмген. Күндіз солдаттар шұңқыр қазып, түнде брезент жамылған машинамен әкеліп отырған. Қасында Әли ауылының адамдарына ауырып өлген малды көміп жатырмыз деген. (6.117 б)
Бүгінгі күні әсем қаламыз Алматының көрікті көшелері жоғарғы оқу орындары аттары осы асыл азаматтарының есімімен аталады. Жылдар өтеді , ұрпақ ауысады, бірақ тарихи естелік қылмыстық режимнің еркі бойынша жүздеген отандастарымыздың өмірін, мәні мен құнын жойған жантүршігерлік оқиғалар естен кетуі мүмкін емес.
1976 жылы Каспийдің тарих факультетіне түсіп, тарихшы мамандығын алып, Назира жаратылысынан аққұба, өте нәзік, көрікті, адамдармен қарым-қатынаста үлкен-кіші деп бөлмейтін тіл табысып кете беретін ерекше қасиеті болды. Көп тыңдап, аз сөйлейтін, әр сөзі мағыналы, артық қылық білмейтін, ибалы екенін, өз жұмысын бірінші орынға қоятын, үй шаруасынан қолы тисе іс қағаздар, баяндамалар жазып, іс үстінде болатын. Өмірінің соңына дейін іскерлігіне, өз мамандығына құрметпен қарап, нағыз маман иесі екендігін қайсарлықпен айналасына танытып жүрді.
«Қызғалдақ ғұмыр қыз дәуреннің қызығын бірге бөліскен,
Жан құрбым едің, сымбаты сыры келіскен» - деп ақындар жырлағандай
оның білімділігі өзіне тапсырылған іске жауапкершілігі, еңбексүйгіштігі, адалдығымен ерекшеленетін еді. Музей қызметі аса елене бермейтін, әрі көзге көрінбейтін еңбек. Музейдің жинақтау жұмыстары да үнемі жоқ іздеп жүрген күйдесің. Н.Құдайбенқызының еңбегі елеусіз қалған жоқ. Алматы қалалық мәдениет басқармасының бірнеше мәрте әкімінің, әкім орынбасарының алғыс хаттарымен, қала әкімінің орынбасары Аманжолова «Ерен еңбегі» үшін төсбелгісімен марапаттады.  «Нәзік ғұмыр» атты кітабы жарыққа шықты.
Жақсы адамға тәуір жолдас кезігеді екен, құдай қосқан қосағы Дөңес үнемі адал жар бола білді. Алланың өзі берген бары да, нары да жалғыз ұлы Мақсаты белгілі саясаттанушы, Нұргүл келіні үш немере сыйлады. Жүрек ауруымен ауырып, 3 рет отаға түсіп 58 жасында ауыр науқастан көз жұмды. Меніңше Назираның саяси қуғын-сүргін мұражайының өз алдына отау тігуі, жеке мұражай болса деген арманы қалды...
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мәдениет саласының қайраткері Н.Құдайбергенқызының еңбегін бағалап, осы естелікті жазуды өзімнің азаматтық парызым деп санадым.Бауырымыздың жарқын бейнесі өз ісінің кәсіби шебері ретінде бірге жұмыс істеген әріптестері, қатар құрбы-құрдастары мен туған-туыстарының отбасында өнегелі атқарған істері мен өнері көңілден кетпестей болып жүрегімізде сақталады.
---
01 желтоқсан 2022 ж. 336 0