№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бақытқа кенелген жан

Бақытқа кенелген жан


Классик жазушы Ғабит Мүсірепов «Біреулерді қызмет көріктендірсе, енді біреулер қызметке көрік береді» – деген екен. 33 жыл мәдениет саласында тапжылмай еңбек еткен Назира Құдайбергенқызын осы қатарға жатқызуға болады. Бұл кісіні тарихшы, педагог, мұражай қызметкері ретінде танымал. Ол еңбек жолын Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсовод қызметінен бастаған.

Алматы қаласындағы мемлекеттік орталық мұражайында бөлім меңге­рушісі А.Жұбанов атындағы мемо­риалдық үйі мен саяси қуғын-сүргін мұражайының директоры, қалалық тарихи мұражайдың бөлім меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды.
Кейінгі он жылдай репрессия, ашаршылық, Алаш және Қазқстандағы кеңестік саяси қудаланған қайраткерлер мен олардың отбасы әйелдері жайында құнды деректерді, материалдық экспонаттарды жинап, арнайы ақпа­раттық қорға ұсынып отырды.
Сонымен қатар республика бойынша 45-тен аса мұражайлардың тақырыптық ғылыми жобалардың авторы. Назира Құдайбергенқызы Алматы қалалық тарихи-өлкетану музейінің саяси қуғын-сүргіндер бөлімін басқарған жылдары Елбасының қабылдауында болып, мемлекет басшысының НКВД ғимараты орнында саяси репрессиялар трихи музейін ашу, атылғандар мен көмілгендерге Алматы түбіндегі Жаңалық қорымына кешенді ескерткіш тұрғызу, қуғын-сүргін құрбандары мен олардың ұрпақтарының естеліктерін кітап етіп шығару туралы пәрменін іске асыруға атсалысты.Жаңалық қорымында ме­мо­риал тұрғызылады. Содан кейін экспо­наттар қалалық өлкетану музейіне беріліп, мұражайда саяси репрессиялар тарихын қарастыратын бөлім ашылып, оның меңгерушілігіне тағайындалды.
Өз ісіне жан-тәнімен берілген Назира Жақауова Алматы қаласының тарихы­мен байланысты және саяси қуғын-сүргін тақырыбында зерттеу жұмыстарымен айналыса жүріп, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, жазушы, кино­драматург, спортшы Талапбек Сұлтан­бекұлының шаңырағында болады. Өмірдеректерімен танысып, Ілияс Жансүгіровпен туыс екендігін таныды. Оның ұстаздық ұлағатын біліп, Тұңғыш Президентке сабақ бергенін баяндайды.
Назира Құдайбергенқызының қыз­меттік іскерлігінде, еңбек жолын­да қанашама қоғам, мемлекет қайраткерлері тарихқа таңба болып басылып, мұрағаттарда хаттаулы тұр. Қазақстанның заң жөніндегі тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараев, қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов, мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетов сынды тұлғалардың ізі жаңғырды.
«Өткен күндерді еске түсірудегі мақсатымыз: бастан кешкен қасірет-қайғының себептерін саралау, халқы­мызды Тәуелсіздікке бастайтын өз тағдырын өзі айқындауға жеткізетін ең тура жолды анықтап алу болып табылады», – деген екен Мұстафа Шоқай. Осы естеліктерді, өткен тарихты тірілтіп, жаңғыртуда архив, жалпы мәдениет қызметкерлерінің еңбектері ерен.
Ол жаратылысынан өте нәзік, көрікті, адамдармен қарым-қатынаста үлкен-кіші деп бөлмейтін тіл табысып кете беретін ерекше қасиеттің иесі болды. Көп тыңдап, аз сөйлейтін, әр сөзі мағыналы, артық қылық білмейтін, ибалы екенін, өз жұмысын бірінші орынға қоятын, іс қағаздар, баяндамалар жазып, іс үстінде болатын. Өмірінің соңына дейін өз мамандығына құрметпен қарап, нағыз маман иесі екендігін қайсарлықпен айналасына танытып жүрді. 1976 жылы КазПИ-дің тарих факультетіне түсіп, тарихшы мамандығын алып, еңбекке ерте араласты.
Музей қызметі аса елене бермейтін, әрі көзге көрінбейтін еңбек. Музейдің жинақтау жұмыстарында да үнемі жоқ іздеп жүрген күйдесің. Назира Құдайбергенқызының еңбегі елеусіз қалған жоқ. Алматы қаласы әкімінің қалалық мәдениет басқармасының бірнеше мәрте «Алғыс хат­тарымен», «Ерен еңбегі» үшін төс­белгісімен мараппатталды. «Нәзік ғұмыр» атты кітабы жарыққа шықты.
Жақсы адамға тәуір жолдас кезігеді екен, Құдай қосқан қосағы Дөңес үнемі адал жар бола білді. Алланың өзі берген бары да, нары да жалғыз ұлы Мақсаты белгілі саясаттанушы , Нұргүл келіні үш немере сыйлады. Жүрек ауруымен 3 рет отаға түсіп 58 жасында ауыр науқастан көз жұмған. Назира бауырымыздың саяси қуғын-сүргін мұражайын өз алдына отау тігіп, жеке мұражай болса деген арманы қалды...
Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына орай мәдениет саласының қайраткері Нәзира Құдай­бергенқызының еңбегін бағалап, осы естелікті жазуды өзімнің азаматтық парызым деп санадым. Оның жарқын бейнесі өз ісінің кәсіби шебері ретінде бірге жұмыс істеген әріптестері, қатар құрбы-құрдастары мен туған туыстарының жүрегінде мәңгі сақталады.

Бағдат Бекжанұлы,
Еңбек ардагері, Екпінді ауылы

23 ақпан 2022 ж. 423 0