СЫҒАНАҚ – ЕЛДІКТІҢ НЫШАНЫ
«Сыр – Алаштың анасы» деуінде өңірдің бай тарихына да қатысты айтылғандай. Расында, көне түркінің ордасы болған далада елдіктің нышаны болған шаһарлар көптеп саналады. Дерек көздерінде, Сауран мен Сығанақтың арасында отызға тарта қоныс болыпты. Тіпті, ортағасырлық қала Алмалықтан Сырдарияның төменгі ағысы...