2019 жылдың қаңтар айында Сізді не күтіп тұр? Қандай жағдайға дайын болып, нендей нәрседен сақтану керек? Осы сынды сұрақтардың жауабын жұлдызнама береді....
Жақында аудан әкімдігінде өткен комиссия отырысының күн тәртібінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат және адамдарды заңсыз әкету мен әкелу, олардың саудасына қарсы күрес жөнінде, сонымен қоса Мемлекеттік рәміздер жайында атқарылып жатқан жұмыстар туралы талқыланды....
Ел ертеңіне көз салсақ, бүгінгі аға буынның келесі ізбасары – жастар. Сайып келгенде, жас буынның бойындағы белсенділік, жаңа бастамашылдық – өсудің, өркендеудің нақты көрінісі....
Жаһанды жақсылыққа бастайтын басты тұлға – адам жанын ізгілендіру талабы ұлт болашағының тірегіне айналды. Дамудың кілті – жан-жақты, рухани жетілген адами капиталдың қолында. Осы бағытты басымдыққа алған Сунақата ауылдық округі басшылығы мен Мәдениет клубы ауылдағы мекемелер арасында "Рухани жаңғыру – ұлт...
Қоғамдық кеңестер елдің дамуында маңызды мәселелерді талқылайтын институтқа айналды. Сондықтан аудандық қоғамдық кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелер ерекше мән беруге керек-ақ. Бұл жолы 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы және көшелеге атау беру жөніндегі ұсыныстар қайта қаралды....
Сыр өңірі баламалы қуат көздерін өндіруді басшылыққа алған аймақтың бірі. Бұған облыстың географиялық желді белдеуде орналасуы артықшылық береді. Екінші жағынан, күн көзі жақсы түседі. Синоптиктердің сөзінше, жылдың төрт мезгілінде Қызылорда облысында аспан ашық болады. Яғни, күннің орташа жылдық ұзақтығы...
Қазіргі таңда жер шарында 7,5 млрд-қа жуық адам бар екенін ескерсек, 2050 жылы жаһандағы тұрғындар саны 10 млрд-тан асуы ықтимал. Бұл азық-түлікке деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. Алайда адамзат баласының көбеюімен салыстырғанда әлемде азық-түлік өндіру көрсеткіші екі есеге төмен екен. ЮНЕСКО тарапы...
19-21 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен белбеу күресінен 1998-2000ж.т.жастар арасындағы Әлем чемпионатында жаңақорғандық балуандар ерледі. Қандай дода болмасын жүлдесіз оралмайтын біздің саңлақтардың еншісінде бұл жолы қос күміс және қос алтын. Сонымен, 52 келіде өнер көрсеткен Ғайбулла Диана...
Ұстаз мәртебесін көтеру – бүгінгі қоғамның негізгі міндетіне айналды. Өйткені, ұстазды ұлықтау, оның ұлт тәрбиесі жолындағы ерен еңбегін бағалап, мерейін өсіру маңызды-ақ. Осы ретте, Тәуелсіздік күніне орай, аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұстаздарды марапаттап, сый-сияпат...