№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Жалпыға белгілі қазіргі қоғамда қызу пікір талас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – ол жүргізушілердің мас күйінде көлік құралын жүргізуі болып табылады.
Бұрынғы заңнама бойынша жүргізуші көлікті ішімдік ішіп басқаратын болса, жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылатын. Енді қазіргі заңнама бойынша мұндай іс-әрекеті үшін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады және 15 тәулікке қамауға алынады.
Бұл бірінші рет автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін қолданылатын жаза.
Осы жерде, мысал ретінде келтіре кетсек, Жаңақорған кентінің тұрғыны Ю. есімді азамат аудандық соттың қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды.
Ол Жаңақорған кенті А.Иманов көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарған.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол орта дәрежеде алкогольдік масаң күйде болған.
Енді ащы судан ұрттап, ішімдікке сылқия тойып алған жүргізушілердің жол бойында сайран салуына жол берілмейді.
Қазіргі қоғамда маскүнемдік пен арақ ішу ең басты проблема болып табылары сөзсіз.
Соның ішінде осы мас күйінде көлік жүргізгендердің саны күн санап артып келетіні шындық. Қай кезде де ең алғашқы тәрбие отбасынан басталады десек, ең алдымен әрбір ата-ана баласының тәрбиесіне жете көңіл бөлуі, ал соның ішінде автокөлік жүргізетін балалары барлар одан да жете бала тәрбиесіне қатты мән берулері керек деп есептейміз.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе дегендей дана халқымызда, еліміздің болашағы мен келешегі осы өскелең жас буын, біздің балаларымыздың қолында екендігін ұмытпағандығымыз жөн.
Қорытындылай келе сау жүрсең, сақ жүрерсің, тек жүрсең, тоқ жүресің демекші, есірген мастықпен көлік жүргізудің арты қашанда болмасын қайғылы аяқталатыны сөзсіз ақиқат болып табылады.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
---
07 сәуір 2022 ж. 191 0