№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Біз Дәулеттен жүлде күтеміз

Біз Дәулеттен жүлде күтеміз



Бүгін еркін күрес шеберлері Токио кілеміне шықты.
57 келіде бақ сынайтын Артас Санаа бірінші айналымда Гвинея-Бисау елінің өкілі Диамантину Иунаны 7:0 есебімен ұтты.

1/4 финалда жарыс иесі Юки Такахасимен белдесіп, 4:4 есебімен басым түсті. Күрес өте шиеліністі өтті. Бір жағынан, Юки Такахаси өз елінде белдесті, екінші жағы, оның "әлем чемпионы" деген дардай атағы бар. Соған лайықты күресуге барын салды.
Енді Санаа жартылай финалда үндістандық Рави Кумардың осал тұсын табуға барын салады.
Жалпы еркін күрес алаңында қызықты оқиғалар күтеміз. Америкалық Кайл Снайдер, ирандық Хасан Язданичарати, ресейлік Абдулрашид Садулаев екінші рет Олимпиада ойындарын ұтуға келгені анық. Олардың ойы жүзеге аса ма? Оны уақыт көрсетеді.
Жалпы 5-7 тамыз аралығында еркін күрестен финалдық кездесулер өтеді.
5 тамыз. 13:15. 57 кг. Үшінші орынға таласады.
5 тамыз. 13:35. 57 кг. Финал.
5 тамыз. 13:55. 86 кг. Үшінші орын үшін күреседі.
5 тамыз. 14:15. 86 кг. Финал.
6 тамыз. 13:15. 74 кг. Үшінші орын үшін күреседі.
6 тамыз. 13:35. 74 кг. Финал.
6 тамыз. 13:55. 125 кг. Үшінші орын үшін күреседі.
6 тамыз. 14:15. 125 кг. Финал.
7 тамыз. 13:45. 65 кг. Үшінші орын үшін күреседі.
7 тамыз. 13:45. 65 кг. Финал.
7 тамыз. 14:25. 97 кг. Үшінші орын үшін күреседі.
7 тамыз. 14:45. 97 кг. Финал.
Біз 65 келі салмақта белдесетін Дәулет Ниязбековтен жүлде күтеміз. Бұл салмақта ресейлік Гаджимурад Рашидов, үндістандық Баджранг Баджранг, Венгрия атынан күресетін дағыстандық Исмаил Мусукаев, азербайжандық Гаджи Алиев, жапондық Такуто Отогуро сынды белді балуандар Олимп шыңына шығуға талпынады.
Токио Олимпиадасында әзірге командалық есепте Куба көш бастап тұр. Олар күрес түрлерінен (грек-рим, әйелдер және еркін күрес) 2 алтын алды. АҚШ, Ресей, Германия, Венгрия бір-бір алтын медаль еншіледі.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
---
04 тамыз 2021 ж. 378 0