№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Бала қауіпсіздігі назарда!

Бала қауіпсіздігі назарда!


Жұма күні аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қоғамдағы өзекті мәселелер қаралды.


Бірінші мәселе – тұрмыстық зор­лық-зомбылық, жыныстық қол сұғу­шылық қылмыстарының құрбаны болу деректерінің тіркелуі және оларға көрсетілген психологиялық, әлеуметтік, тағы басқа көмектер жөнінде алдымен сөз алған аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Әлімбековтің хабарламасына тоқтал­сақ, осы санатта ауданда 2 дерек тіркелген, оның бірінде арызданушы әйел М.А-ның көрсетуі бойынша кәмелетке толмаған (бірі 2004, бірі 2009 жылы туған) екі бірдей қызына өгей әкелері төрт жылдан бері еркінен тыс жыныстық қатынас жасап келген, сот шешімімен кінәліге ауыр жаза тағайындалды. Екіншісінде кәмелетке толмаған өспірімдер (екеуі де аграрлы колледж студенттері) жыныстық қатынасқа түсу деректері бойынша тергелуде. Комиссияда сөз алған аудандық полиция бөлімі бастығы Ғани Тұрсекеевтің айтуынша, екі факті де ең алдымен үйсіз, күйсіздіктен орын алып отыр. Бірінде басында баспанасы жоқтықтан лажсыз бірге күн кешіп жатқан бөтен пыйғылды еркектің бүлдіршіндерінің болашағына өшпестей дақ қалдырған ана күйігі, екінші оқиғадағы өгей өмірден қашып көлік жуатын орынды сағалаған жасөспірімдер жағдайы да осыны көрсетеді. Толық емес отбасылар тізімі алынып, қоғам болып оларға жәрдем көрсетілуі керектігін бас сақшы көп назарына ұсынды. Ауданда осы бағытта тіркелген үш оқиғаның тіркелуінен облыста бірінші орында тұрған жағдайымызға орай мектеп басшылары мен психологтарына нақты жауапкершілікті алға тартты. Кәмелетке толмағандар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаған Жаңақорған ау­данының бас дәрігері Яхия Шорабаев 8800 080 22 26 номерінде «қызу желі» жұмыс жасайтынын ескертті. 2021 жылға мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы аудандық білім бөлімі басшысы Болат Ибрагимов хабарлама жасап, 75 орындық «Тау самалы» тынығу лагерінде 7 күннен әр лекте 40 баладан 400 баланы демалдыруға әзірлік жасалып жатқанын жеткізді. Күндізгі мектеп лагеріне 10640 баала тартылмақ. «Жайдарлы жаз» бағдарламасына 1000 бала қамтылады. Одан әрі Балалар сауықтыру мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы, нақты ережелер мен қорытындылар жөнінде сала басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдарова таныстырды.Келесі кезекте «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жайлы баяндаған жауапты мекеме басшысы Қайрат Сапарбаевтың мәлімдеуінше осы санатта 96 қыз бала кезекте тұр. 2013 жылы екі, 2014 жылы екі, 2021 жылы төрт пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілгенін айтты. Биыл ауданда тұрғын үй құрылысын бастандыруға жанды жұмыстар бар екен. Міне, осы орайда аталмыш санаттағы балаларды тұрғын үймен қамтуда басымдық берілмек.
Комиссия жұмысы жоспарына сәйкес №164, №56, №213 орта мектеп директоры Жанболат Ахметжанов, Мұхтар Абуталипов, Елемес Қалды­байдың «Мектеп оқушылары құқық­тарының сақталуы бағытында атқа­рылған жұмыстар» туралы есебі тыңдалды. Қаралған мәселелер бой­ынша комиссия мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Баян Үсейінова

---
20 мамыр 2021 ж. 749 0