№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Алдаспан жырдың алыбы

Алдаспан жырдың алыбы


«Манаптың бір өзі – бір театр екен ғой». Бұл қаламгер Әбділда Тәжібаевтің Манапқа берген жоғары бағасы. Бір адам қалай театр болады. Бұл қалай десеңіз, М.Көкеновтің сахнаны игеруі, көрерменін өзіңе сендіре білу шеберлігі шыңдалған өнерпаз еді. Расында адамды бір мезетте күлдіріп, артынша жылата алатын.


Алаш жұрты Манаптай марқасқа ақынымен мақтанады. Оның ұлттық фольклорді зерттеп, қазақтың небір мақал-мәтелдерін, аңыздар мен жырларды жинап, тірілткенін бүгінгі буын біле бермейді. Шынында, Манаптың арқасында Сыр өңірінің қаншама ұмыт болған ақын-жыраулары қайта арамызға оралды.
Сыр сүлейлерінің соқпағымен өркен жайған Манап ақын ұлтымыздың ұлы өнерінің отын өшірмей өткен мен бүгіннің арасын жыр арнамен жалғап кетті. Жалғыз ғана айтыс өнерінде қолтаңбасын қалдырмай, лирикалық өлең жазуды да қатар алып жүріп, тәлім-тәрбиеге толы термелер мен толғаулар жазды. Елдің, жердің тарихын жатқа айтатын шежіреші, терең ойлы философ, этнограф, насихатшы болды.
Мұраны мирас еткен бүгінгі ұрпақтың санасына сілкініс жасап, айтыс өнерінің өміршеңдігін насихаттау жолында Жаңақорған ауданының біртуар азаматтары алдағы уақытқа айдар тағып, айтыс өткізуді өздеріне мақсат тұтып отырған жайы бар. Оны ұйымдастырудағы басты мақсат – тұлғаларды лайықты тұғырына қондыру. Бұл айтысты республикалық дәрежеде ұйымдастырсақ, аламан бәйгенің алдын бермес кіл жүйріктерден құралған азулы айтыс ақындарын қарт Қаратаудың етегіне жиып, жыр додасының жалауын көтерсек, жалпақ жұрттан мақтау мен мадақтау естуді мақсат етпей, Манап ақынның мәртебесін көтеру кемеңгерлікті қажет етпейді деп ойлаймын. Қамау терден арылған сәйгүліктей желдіртіп жыр тербеген бүгінгі ақындарымыз Манап Көкеновтің шымыр шумағынан шөлін қандырса екен дейміз. Себебі, ол – ең алдымен халықтың сөз құнарын ана сүтімен бойына сіңірген тілі көркем, ойы ұшқыр ақын. Өлеңнен сұрапыл соқтырып, құйын тұрғызған кезінде қарсыласы тұрмақ, үлкенді-кішілі шенеуніктердің талайының апшысын қуырған алдаспан жырдың алыбы еді.
Айтыс – ордалы ойы, сұңғыла сөзімен тыңдарманның көңіл түкпіріне ой салып, замана сазын толғап, елдікке, ынтымаққа үндеу. Қаржыдан қысылып, қайырымдылық қор құрып, көпшілік назарын аударудан аулақпыз. Елдің елдігі мен ерлердің бекем бірлігі бұл іске мұрындық болады деп ойлаймыз.

Пахриддин ШӘМШИДДИНҰЛЫ

---
06 мамыр 2021 ж. 433 0