№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР СӨЙЛЕЙДІ

ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТАР СӨЙЛЕЙДІ

Латын әліпбиі Елбасының рухани жаңғыру мақаласының бір парасы. Яғни, Мемлекет басшысы таяу жылдары талқылау таразысынан өтіп, тарихтан тамыр тартқан латын әліпбиін қолданысқа енгізуге пәрмен берді. Тарих демекші, ХХ ғасырдың бастапқы жылдарындағы қолданылған латын әліпбиінде жазылған кептеген құнды құжаттарды кездестіру қиын емес. Ол үшін аудандық мұрағаттағы сары қағаздарды парақтап, латын әліпбиімен жазылған маңызды құжаттарды саралап көруге болады. Сондықтан, мұрағат есігін қағып, ескі жазбаларды іздедік. Таптық. Үш мекеменің құжаты қолымызға тиді. Көне кітаптар мен басқа да сыры сақтаулы тұрған сары қағаздарды көзіміз шалды. Оның ішінде, шаруашылық құжаттары да латын әліпбиінде жазылыпты. Оған кейінірек тоқталармыз. Алдымен, біз мақсат тұтқан үш құжаттың тарихын таразыласақ.
Жалпы, мұрағаттар кез келген елдің өткенін зерттеп, електен өткізуге қажетті құнды дереккөз. Яғни, тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына деуге толық негіз бар. Онда  елдік   шежіре сақталып, өткен өмірдің айнасына айналуда. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатиялық қарым-қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар да сақталады. Бір сөзбен айтқанда, мұрағатты тарихымыздың қаттаулы шежіресі деуге болады. «Өткенсіз бүгін жоқ» екенін ескерсек, ел егемендігі тұсындағы шежіреміз өткеніміздің алтын парақтары. Ал, оған дейін, әсіресе өткен ғасырдың 1920-40 жылдары тарих түрлі кезеңдерді қамтыды.
Сонымен, мұрағаттың алтын қорына ендік. Қазіргідей компьютерге емес, машинкаға жазылған, одан қала қолмен жазылған жазулар көзімізге жылы ұшырады. Қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы бүгінде арта түсуде. Осы орайда, өлкемізге қажетті құнды құжаттарды сақтап отырған аудандық мұрағаттың алатын орны ерекше. Сөреден алынған кезекті құжаттарға көз жүгірттік. Ең алғашқы құжат 1926 жылы латынша жазылыпты. Аудандық аурухана мен Жаңақорған шипажайы туралы бұл құжаттарда жұмысқа орналасу дерегі тіркелген. Ал, үшінші құжат 1935-1943 жылдардағы аудандағы азаматтардың хал актілерін жазу (АХАЖ) бөлімінен жеткен.
Сонымен бәрін басынан бастайық, алдымен некеге тұрғандар мен өмірге келген жандардың құжатын саралап көрейік. Ең алғашқы туу туралы куәлік 15-наурыз, 1917 жылы тіркелген. «Туылғанда жазылатын тіркеуде» 15 мамырда Байқадамов Ремет есімді кісінің төлқұжаты жазылған. Осылай жалғаса береді. Латынша тіркеу сөзінің орнына 1929 жылдан бастап туғандарға жазылатын акті деп аталған. Мәселен, акті аясында бланкіге тіркелгендердің бірі – Сансызбай Вокиев деп жазулы тұр. Сондай-ақ, 1936 жылы туу туралы жазбалардың 1-томы қолымызға тиді. Аудандық Әділет басқармасы мемлекеттік мекемесіне алғашқы тіркелген Алтынбек Хакімбектің есімі жазулы тұр. Осылай жалғаса береді.
Екінші параққа бет бұрдық. Мұндай аурухананың алғашқы бұйрықтары. №1 бұйрық, «Чилинский больница» 1-қаңтар 1926 жыл деп жазылыпты. Алғашқы қызметке алынған Андронов тегі латын әліпбиінде енгізулі. Декретке шығу туралы №4 бұйрықта көрсетілген. Сол секілді 1926 жылы Жаңақорған шипажайына жұмысқа қабылданғандар туралы да бұйрықтарды оқыдық. Ғасырға жуық тарихы бар мекеменің бүгінгі тынысы терең елге танылды. Тіпті, көрші елдерден келіп ем қабылдаушылар да аз емес.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында да жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар бар. Алайда, азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінен келген құжат 1943 жылдан бері біраз уақыт арасы суып қалыпты.
Қорыта айтқанда, құнды құжаттардың бәрін бірдей тізбелеу мақсат емес. Біз мұрағаттағы ең көне құжаттарды сөйлеттік. Парағы сарғайып, жыртылуға жеткен құнды деректердің сиясы кеппегенін көріп, бұл дерек тағы бір ғасыр жасайтынына көзіміз жетті. Сондықтан, төл басылымның алдағы санынан орайы келсе мұрғаттағы маңызды дүниелерді дәріптейтін боламыз. Ең бастысы, қазақ елінің қатпарлы тарихын сөйлететін құнды құжаттар төрімізде сақтаулы.
Әли ТЕМІРБЕК.
21 шілде 2018 ж. 1 010 0