Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Маска тапшылығы қаншалықты сезілуде

Маска тапшылығы қаншалықты сезілуде

Қытайдан келген тәжтажал медициналық масканың тапшылығына әкеліп соқты. Осыған орай сала мамандары  мен дәріханаларда бетперденің қаншалықты жеткілікті екеніне көз жеткізу мақсатында аралаған едік.
Әуелі масканы жеткізуге кімдер жауапты екенін білу үшін аудандық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаевқа жолықтық.
– Мен өзім басқарып отырған меди­циналық мекемелер мен сонда жұмыс жасайтын қызметкерлерге жауап беремін. Әзірге маска жетіс­пеушілігі мәселе болып тұрған жоқ, – деп әңгімесін қысқа қайырды.
Одан кейін аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне бетке алдық. Ондағы қызметкерлер қазіргі таңда тек жол бойында, кент ішінде, ауылдық округтерде бизнес бағытында жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын, жұмыс уақытысы 11.00-ден 18.00-ге дейін бекітілгенін жеткізді. Ал маска мәсе­лесіне келгенде жауап беруге қауқарсыз екенін байқадық.
Дәріхана сатушыларынан маска­ның бар-жоғын, бар болса, қанша теңгеден сатылып жатқанын білуді ұйғарып, дәріханалардың есігін аштық.
«ARZAN PHARM» дәріханасында өткен аптаның жұма күні – 13 наурызда көк түсті маска 50 теңге, қара түстісі 55 теңгеден сатылғанын білдік. Содан бері сатылымда бетперде жоқ. Тіпті есіктеріне арнайылап «МАСКА ЖОҚ» деп жазып қойғанын көрдік.
Аудандық аурухананың жанында орналасқан екі дәріхана сатушысына да осы сұрақты қойдық. Олардан: «Бір апта бұрын медициналық масканы 165 теңгеден саттық. Әр адам басына 3-5 данадан артық берілген жоқ. Өйткені бізге жоғарыдан сондай тапсырма келді. Бірнеше күнде 8 қабатты көпреттік пайдаланатын маска келеді», деген жауап алдық.
21 наурыз 2020 ж. 686 0