№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Заңды білмеген ардан аттайды

Заңды білмеген ардан аттайды

   Әрбір азамат нақ бүгінгі күніне, келешегіне кінәрат жуытпай, сенімді өмір сүруі үшін әрбір атқарған іс әрекетін заң аясында адал атқарып, адами мінез-құлқын мінсіз қағидаларымен байытуға күш салуы керек. Әсіресе халық қызметінде жүрген тұлғаларға қойылар талап зор. Бұл тұрғыда тиянақты жұмыс атқару үшін әрбірімізге бай білім, терең төзім, құқықтық сауаттылық қажет. Өз міндетінің жауапкершілігін жете сезінбеуден қате қадамға бару заңбұзушылықты туындатып қана қоймай, қоғамға да қиянатын тигізуі мүмкін. Заңды қасақана бұрмалау фактілерінің тыйылмай келе жатуы да саналық тұрғыдан төмен, өзі өмір сүрген қоғамның құндылықтарына құрметпен қарау сынды қасиетті борышты аттап өтуден арланбайтын алаяқтық көріністерді жиі көлденеңдеп отыр. Осындай заңбұзушылықтарды анықтауда, азаматтардың конституциялық құқы мен мемлекеттік меншікті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауда прокуратура органдары қызметкерлерінің қалтқысыз қызметі қашандағыдай баршаға ортақ құнды құжатымыздың қағидаларына қамқорлығынан жаңылған емес.
   Елімізде демографиясы өсіп келе жатқан халықтың әлеуметтік жағ­дайы бәрінен де өзекті. Осы орайда Жаңақорған аудандық прокуроры, Әділет кеңесшісі Нұрболат Серікұлы Дүйсенбаевқа арнайы жолығып, өт­кен жылдың қорытындысы бойын­ша аудандық прокуратураның әлеу­­­меттік-эко­но­ми­калық салада орын алған заңсыздықтар бойынша атқар­ған жұмыстары жөнінде айтып беруді өтінген едік. Мына төмендегі мәліметтерге қанықтық.
  Өткен 2018 жылы Жаңақорған аудандық прокуратурасымен 10465 азаматтың құқы қорғалыпты. Нақты тоқталар болсақ, мүгедектермен жұмыс істейтін мұғалімдерге 40 пайыз қосымша үстемақы төлен­бегені анықталып, қадағалау актісі негізінде 478 мұғалімге 8 млн теңгеге жуық қаржы төленген. Аудандық прокуратураның пәрменімен аудан­дық орталық аурухананың 649 жұмысшысына 49 млн. теңге айлық жалақылары төленіп, басшылығы әкім­шілік жауапқа тартылды. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 479 нәресте аудиологиялық скри­нингтік тексеруден өткізіліп, құқық­тары қорғалды.
Жедел медициналық көмек көрсе­ту жағдайы талданып, енгізілген ұсы­ну­дың қаралу нәтижесінде жетіс­­пейтін автокөліктер сатып алынып, шектелмеген азаматтардың құқықтарының қорғалуына қол жеткізілді. 2 жетім және ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй кезегіне қойылды.
  Кәсіпкерлердің де құқықтары назардан тыс қалған жоқ. Мем­лекеттік сатып алу кон­курстарына қатысқан 4 мердігерге шарттың орындалуын қамтамасыз ету сома­лары заңна­мамен белгіленген мерзімде қайта­рыл­май олардың құқықтарына кел­тірілген нұқсан прокуратураның араласуымен орны­на келтірілді. Яғни, 1,1 млн. теңге кері қайтарылып, 4 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Бюджет қаржыларының мақсат­ты жұмсалуы ерекше бақылауда болды.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде мемлекеттік бюджетке 30 млн. теңге өндірілді.
11,6 млн. теңге бюджет қар­жысын жымқыру дерегі бойынша аудандық жұмыспен қамту орта­лығының есеп­шісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен 7 жылға шартты түрде сотты болды.
Мемлекетке келген шығын толық өтелді, 2 жыл бойы жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларына төленбеген зейнетақы жарналары толық төленіп, 1337 адамның конституциялық құқығы қорғал­ды.
Нәтижелі жұмыспен қамту бағ­дар­ламасы аясында әлеуметтік жұмыс орнын формальды ашып, жалақы және зейнетақы жарнасына төлеп отырғаны жөнінде жалған мәліметтерді (жалған түбіртек) ұсынып, мемлекетке 500 мың теңгеге жуық шығын келтірген жеке кәсіпкер қылмыстық жауап­кершілікке тартылды.
  Сол сияқты, «Жұмыспен қам­ту – 2020» бағдарламасының кәсіп­­керлік бастамаларды қолдау бағы­ты бойынша бюджеттік несие­­ні мақсатына сәйкес пайда­ланбаған кәсіпкер қылмыстық жауап­кершілікке тартылып, мем­лекетке келген 1,6 млн. теңге шығынды толық өтеген.
Қызметтік жалғандық жасағаны үшін жергілікті атқарушы органның өкілдеріне сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыстық іс қозғалып, сот үкімдерімен кінәлі деп танылды.
  24 млн. теңгені құрайтын 2 мемлекеттік сатып алу қоры­тындыларының күші жойылды.
Мемлекеттік сатып алуды ұйым­­дастыру барысында мемле­кеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін кент әкімінің орынбасары мен бас маманы, мемлекеттік сатып алу, ауылшаруашылығы бөлімдерінің бас­шылары мен бас маманы тәр­тіптік жазаға тартылды.
  Келісім-шартта көзделген мін­деттерін тиісінше орындамағаны үшін сотқа жосықсыз деп тану жөнін­де заңмен белгіленген мерзімде талап арызбен жүгінбегені үшін Жаңақорған кенті әкімдігінің кінәлі тұлғалары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Жерді жалға беру жөнінде аукциондар бойынша келісім-шартта көзделген сомалар белгіленген мерзімде төленбегені анықталып, қадағалау актісінен кейін мемлекетке 2,7 млн. теңге өндіріліп, 1,3 млн. теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Одан бөлек, жерді жалға беру мерзімдерін заңсыз ұзарту, жер учаскесінің жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерінен төмен бағада сатылу, жер бөлу комиссиясының оң қорытындылары комиссия мүшелерінің көпшілігінің қатысуынсыз өткізілетіні, пайда­ланылмай жатқан жерлер, нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбайтын жерлер және т.б. заң бұзушылықтар анықталып, бұл заңсыздықтар үшін кінәлілер тәртіптік жазаларға тартылды.

Баян ҮСЕЙІНОВА.


12 наурыз 2019 ж. 1 692 0