№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІК»

«АШЫҚТЫҚ ПЕН ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІК»



 Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайы­лым алқабына үйсін мен арғынның белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмай: 
– Ақты ақ деп бағалар!
О, игі жақсы ағалар!
Өзегі талса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, – деп сөз бастай бер­генде:
– «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі? – дейді төрде отырған би. 
Төле қасқая қарап тұрып:
– О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? – деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:
– О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз?
Сонда әлгі би:
– Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой – деп төрелікті Төлеге ұсынады.
Сонда «Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар?» – депті. Шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Осылайша үлкен дауды шешіпті. 
Мұндай аңыздар ел аузында жүздеп, мыңдап саналады. Қай-қайсысы болмасын әділдікті, адал­дықты дәріптейді. 
Бүгінде төрелікті айтатын дәстүр сот жүйе­сіне ауысты. Енді қара қылды қақ жарған әділ сот жүйесін дамыту жайы әркез биік-биік мінбелерден айтылып жүр... 
Мемлекет басшысы сот саласының сапасын арттыруға мән беруде. Әсіресе, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында басымдық берді. «Қазақс­тандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуды міндеттеді. Яғни, реформалаудың тиімділігін көрсете отырып, табысқа жетуді тапсырды.
Осы орайда, сот саласындағы өзгерістер аудан көлемінде қалай жүзеге асуда? Біз соңы білмікке аудандық соттың төрағасы міндетін уақытша атқарушы Әлия Түбекбаевамен кездесіп, әңгімеге тарттық. Ол төмендегіше әңгімелеп берді:
– Жолдауда уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдері қысқаруы тиістігі көрсетілді. Бұл бойынша сот төрелігінің жеті түйіні деген жаңа жүйе іске асуда. Оның ішінде медиация заңы Жаңақорғанда жүйелі жүзеге асуда. Яғни, «сотсыз татуласу орталығы» арқылы кәсіби медиаторлар ұсақ-түйек істерді сотқа жеткізбей шешу жолында қыруар жұмыс атқаруда. Мәселен, орталық арқылы 97 азамат қажетті кеңес ала алса, сот ғимаратының ішінен ашылған халықа қызмет көрсету бұрышы бойынша 598 тұрғын тіркеліп, оның 496-сы медиаторлар арқылы татуласқан, – деді. 
Сондай-ақ, құжатта электронды сервистер арқылы жұмыс жасауды жүйелеу жүктелді. Бұл сот кабинеті арқылы жүзеге асатын қызмет түрі. Осы жүйе арқылы тұрғындар өздерінің арыз-шағымдарын қағаз жүзінде емес, электронды түрде жолдауларына болады. 
Сот төрелігінің жеті түйіні ішінде «Е-сот» деген жоба бар. Бұл арқылы электронды нұсқада, яғни істерді виртуальды түрде қарайтын боламыз. Егер істі болған тұрғын өзге өңірде жүрген болса, онда сол аймақтағы сот қызметкерлері арқылы тікелей байланыста істі жүргізетін боламыз. Сондай-ақ, іс біткеннен кейін шыққан шешімді қос тарапқа да түсіндіру құзырымызға кірді. Бір сөзбен айтқанда, ашықтық пен жариялылықты салаға толық енгізіп үлгердік. Әрі, апта сайын ашық есік күні мен азаматтарды қабылдаймыз. 
Жолдауда кадрлардың жаңаруын қамта­масыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмты­латындай жағдай жасау керек делінді. Шыны керек, қазір судьяларға деген талап күшейді. Әрине, олардың біліктілігіне қойылатын талап­тардың күшейтілуі заман талабынан туындаған мәселе деп қарауымыз тиіс. Әсіресе, құжатта көрсетілгендей қызмет аясындағы кадр мәселесі қатаң бақылауға алынды. Бұл тұрғыдан алғанда Сыр өңірі нақты іске көшіп, сапалы маман даярлауда аттестациялау жүзеге асырылуда. Ал, заңгерлердің судья болуға деген ниеті қашанда құптарлық дүние. 
Сөз соңында, қазір сот саласындағы тағы бір серпіліс мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру шараларына тоқталсақ, барлық арыз-шағымдар ана тілде жазылуы міндеттелген. Оның үстіне сот үкімі шыққаннан кейін де құжаттар қазақ тілінде толтырылуы тиіс. Міне, сот саласына енгізіліп жатқан кешенді шаралардың реттілігі осындай...

Әли ТЕМІРБЕК.
13 қараша 2018 ж. 1 841 0