№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ҰСТАЗ – ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

ҰСТАЗ – ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ


Жаңақорғанда «ауданның Құрметті азаматы» атағын алған үш нәзік жанды бар. Соның бірі – Фатима Тілеубаева.

Ардақты ананың үйіне №3 мектеп-интернатының мұғалімі Асқар Бекбергеновпен бірге барып, сәлем бердік. Көкірегі ашық, санасы сергек кейуана ізеттілікпен қарсы алып, төрге озуды ұсынды. Жарқын жүзді қарияның жолын кескестеп өтуге ыңғайсызданып, «жол бастаңыз» дегенде: «Қазақтың дәстүрінде бес жастағы бала болса да белі бүгілген ана жолын берген. Дәстүрден жаңылмайық. Жастарын кіші болса да, сендердің жолдарын үлкен. Кәні, қысылмандар, жоғарылатыңдар», деп ізеттілік білдірді.
Төргі бөлмедегі үстел үсітінде «Сыр бойы», «Жаңақорған тынысы» және т.б. газетке көзім түсті. Сондай-ақ Абай мен Мұқағалидің кітабы да жатты. Отанасы тазалыққа қатты мән беретіні көрініп-ақ тұр. Әрбір зат білгілі тәртіппен, реттілікпен жайғасқан.
Орындыққа жайғасқан отанасы:
– Бүгінде газет-журнал оқудан басқа ермек бар ма? Біз ауылдың жаңалығын осы басылымдардан оқып-білуге әбден машықтандық. Құдайға шүкір, аудандық газеттің сапалық-мазмұндық деңгейі артты. Танымдық материалдар көп. Оның үстіне, газет тартымты бола түсті. Бір сөзбен айтқанда, оқырманды жалықтырмайтын болды. Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына байланысты ақынның жыр жинаған парақтап, поэзиясымен сырласып жатырмын. Ал, Абайдың кітабы үстелімнен түскен емес. Бір жағы Семей топырағынан нәр алғандықтан болар. Екіншіден, Хакімнің терең филосиялық мұрасын оқыған сайын дүниетанымын кеңейіп, қазақты тереңірек тани түсесін, – деп әңгімесін бастады Фатима Тілеубайқызы.
Сексеннің сенгіріне шыққан қария әлі тың көрінді. Әлі күнге дейін елдегі жаңалықтарды қалт жібермейтіндігі көрініп-ақ тұрды. Тіптен, кеше ғана Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқанын, онда көтерілген мәселелерді талдап, саралай сөз етті. Аракідік алыс-жақын шет елдердегі оқиғалардан да әңгіменің тиегін ағытып қояды.
Сұрақ қоюдың ретін тауып: – Сыр өңіріне қалай келдіңіз? – дедім.  
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітіргенде Торғай облысы Қима ауданындағы жеті жылдық мектепке директорлық қызметке шақырды. Сонымен қатар Қытайдан шақырту келді. Онда қазақ балаларына орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруді ұсынды. Алайда дәм-тұз осы жерден бұйырыпты. Ғаназар Мұратәлиевпен өмір жолым бір арнаға түйісіп, бір шабаданға кітаптарды, бір шабаданға құжаттарды салып, 1958 жылы осында келдік. Алғашында №53 А.Романов атындағы орта мектепте, сосын №51 Аралбаев атындағы білім мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздық еттім. 1961-1963 жылдары №169 мектепте, 1963-1967 жылдары №51 мектепте және №3 мектеп-интернатта директор болдым.
– Әр кездің өз қиындығы болмай ма? Сол уақытты несімен есіңізге аласыз?
– Никита Хрущевтің политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім беруді алға қойған кезі-тұғын. Мектептерде практикалық кабинетті жарақтандыру, көрнекілік құралдарын және трактор, жүк көлігі секілді техниканы алу және т.б. жұмыстар алдымыздан шықты. Міне, осындай қиындықтын алдын алып, жастар сапалы білім алу үшін керек-жарақпен мектепті қамтамасыз етуге тырыстым. Осындай күрделі жұмыстарды ұйымдастырып, басқарған мектептерді тіректі білім ордасына айналдырып, талапты жастардың жоғары оқу ордаларында білім алуына жағдай жасадым. Шыны керек, сол кезде қыздарға сауыншы, тракторшы, тігінші және т.б. мамандықтарды игеруді талап ететін. Алайда қыздардың мұндай мамандықта жұмыс жасағанын қаламай, оларға мұғалім, дәрігер, заңгер және т.б. мамандық иесі болуға үгіттейтінмін. Тіптен, 1966 жылғы бітірген 17 арудың 16 институттарға түсіп, белгілі бір кәсіпті меңгерді. Жалпы, «Ұстаз ұлық емес, ұлы қызмет» деген өмірлік қағидам мені ешқашан адастырған емес, – деп өткен күндерді есіне алып, жүзі бал-бұл жанып, езуіне күлкі үйірілді.
Ол партия тапсырмасына қарамастан қазақ қыздарының жоғары білім алуына көп жағдай жасайды. Жастардың сапалы әрі заманауи білім сусындауына баса назар аударатындықтан кей жылдары алты-жеті «Алтын медаль» иегері шығады. Әрі білім ордасының оқушылары аудандық, облыстық деңгейдегі мәдени-рухани, спорттық шараларға белсені араласып, мектептің мерейін тасытады. Әрине мұндай жетістіктің басында іскер де талапшыл басшының тұрғаны анық.
Еңбек жолы ұстаздық қызметпен байланыстынып қана қоймай, ауданның саяси-мәдени өміріне белсенді араласып, аймақтың дамуына өзіндік үлесін қосады. Міне, оның «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» атануы осындай ерен еңбектің өтуі болса керек-ті. Міне, қазақтың қызы осындай.
27 қыркүйек 2018 ж. 2 040 0