«АРМАНСЫЗ КҮНІМ БОЛМАЙДЫ»
Қаламгердің қарымқабілеті ел басына күн туып, сын сағаты соққанда аңғарылады. Халықты ақиқат жолына бастап, көңілдегі көп күдікті ыдыратып, қара бұлтты жарып шыққан жарық күндей әр жүрекке рухтың сәулесін құятын қасиетті қалам иелерінің құдіретіне дүйім ел құрметпен қарайтыны содан. Міне, осындай сөз киесі қонған дарынды тұлғалардың бірегейі, абыз ақын, сырлы сазгер және дарынды драматург Исрайл Сапарбаймен сұхбаттасқанымызда осы ақиқатқа одан сайын көзіміз жете түсті.
– Армысыз аға! Жаңақорғанмен сізді не байланыстырады? –Жаңақорған маған жат емес. Жастық жалынды шағымның талай ізі қалған жер. Оңтүстікте еңбек жолын бастаған кезімде мұндағы жастармен етене араластық. Қайда жүрсек те, осы киелі мекенге жиі ат басын бұрамыз. Мұндағы елдің қонақжайлығы бір төбе. Жаңақорғанның шипажайының діруін сезінген жан тағы келуге ынтығып тұрады. Оған қоса, қасиетті мекенде қазақылықтың болмысы басым. Жаңақорған шипажайына осыдан 2-3 жыл бұрын да келгенмін. Одан бері аз уақытта Жаңақорғанның қарқынды дамығаны, көркінің анағұрлым ажарлана түскені аңғарылады. Түнгі келбеті жарқырай түсіпті. Санаторияның да келбеті көркейіп сән-салтанаты арта түскен. Жол бойы жасыл желекке көміліп тұр. Халықтың да мәдениеті мен өрісі кеңейгені сездім. Ауданның 95 жылдығы мен жергілікті басылымның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында табан тіреп отыр екенмін. Мұны газеттен оқыпбіліп отырмын. Қаншама ауданның газетін көріп жүрміз, сіздердің газеттеріңіздің дизайны мен көркемдік деңгейі жоғары екен. Халыққа қажетті ақпарат ұсынып қана қоймай руханияттың күштік қуатын меңгере білген кәсібиліктеріңізді көріп қуандым. – Өзіңіздің творчествоңыз жайлы айтсаңыз? Халыққа қандай жаңа туынды ұсынбақсыз? – «Адам Ата – Хауа ана» жайында 72 беттік туынды жазып біттім. «Әлем. Әйел және мен» кітабым мен бірнеше қолжазбам даяр тұр. Бүгінде әйел адамның құпиясын ашқан жан жоқ. Ел басына күн туған қандай кезеңдерде де қазақ қызы өз тұғырынан, биігінен түспеген. Ал қазақ жігіттерінің ұсақталып, көше сыпырып жүргеніне қынжыламын. Соңғы жазған «Адам ата – Хауа ана» пьесамды театр репертуарына ұсындым. Адам жаратылысы жұмбақ қой. Бұл ешбір драматург жазбаған рухани шығарма. Шет тілдеріне аударылса, әлемдік деңгейге шығар еді деп те ойлаймын. Ал «Сен ертең өлесің!» дейтін екінші шығармамның негізі осыдан жеті жыл бұрын қаланды. Ес пен түстің арасында аян болып келген пьеса да заман үдесінен шығады деп ойлаймын. Байлықтың соңында кеткен ақшақұмарлар үшін тәрбиелік мәні бар туынды. Осы орайда театрларға бүгінгі қоғам мәселесін, адам өмірін бейнелейтін көрерменге ықшам, шынайы қойылымдар керек. Дегенмен театр сыншысы, зерттеушісі сиреген қоғамда театрлардың да беделі төмендеп қалғандай көрінеді. Директор әрі көркемдік жетекшісі Е.Обаевтың шақыруымен М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында да екі жылдай әдеби кеңесші қызметін атқарғаным бар. Ал бүгінде драмаға арқау болатын тақырып көп. Драматургтеріміз де баршылық. Бірақ театрлармен арада байланыс кемшін. Адам Ата – Хауа Ана пьесамды үздік шығармалар байқауына ұсынып отырмын. Меніңше, бас бәйгеге әбден лайықты жазба!
– «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» қазақ қызы жайлы жазылған әндердің феномені екені даусыз. Осы әннің тарихы жайында айтып өтсеңіз? – «Желтоқсан көтерілісі» кезінде орталық алаңға шықтық. Сол кездегі қазақ қыздарының өжеттілігі мен қайсар болмысы менің ақын жүрегімді оятып, шабытымды тулатты. Жан-жағымыз алай-дүлей болып, көк мұздың үстінде шашынан сүйретілген қыздардың жанары қазақ қызына тән батырлықты көрген сәтімде тіл ұшына әдемі ұйқастар орала берді. Оқиғаға қарсылық танытып, қарулы күшке нәзік болмысында жасырынып жатқан қайсарлықпен қарсы тұрған қыздар көп жігітке рух берді. Жиырма бес мыңнан астам жастың ішінде мен де болдым. Сірескен әскерилерден әзер босап, үйге жете сала көңілде іңгәлаған қоңыр әнімді қағазға түсірдім. Бұл аласапыран көрініс көңіл көкжиегімді кеңейтті. Бойымдағы «Мен қазақпын» деген асқақ рух оянған сәт болды. Бүкіл алпыс екі тамырымда намыс оты бұлқынып, өз ұлтымның мұратына қызмет етудің нағыз бақыт екенін ұққандаймын. Ән таралып, таныла бастаған тұста «Неге еразаматтарды дәріптемедің» деп сөккендер де табылды. «Қыздарды батыр етіп, ұлдарды ез етіп жырлапсың» деп келеке еткендер де жүр қазір. Шындығында, бұл әннің мұншалықты тез таралып, танымалдылыққа ие болады деп ойламадым. Ұққаным,Тұмар ханшайым,Әлия мен Мәншүктің болмысы бүгінгі қыз-келіншектердің бойында сөнбеген екен. Көпшілігіміз мұны ескермей жүр екенбіз. Нәзік болмыспен жасырынған күш қуаттың буырқанған бет-бейнесін өз көзіммен көріп, текті халықтың тұқымын құрсағында тербеген қаракөздеріміздің рухы сынбағанына толық сенімді болдым. Біз соларды дәріптеп, ел аналарының жолын үлгі етсек ұтарымыз мол. Қысқасы, жан-дүниемді төңкерген рухани серпілістің күші менің 200-ден аса жаңа ән тудырып, шабыттануыма жол ашты. – «Бір тамшы көздің жасындай» жаныңыз неден жараланды? – Адамның өмірі бір тамшы көздің жасы секілді өте нәзік. Мына жарық әлем көп адамға мәңгілік секілді көрінеді. Шындығында, адамның өмірі қамшының сабындай тым келте! Мына өмірге келген әрбір адам текке жаратылмаған-ау деп ойлаймын. Ойланып қарасаңыз, бір тамшы көздің жасының салмағы бар ма? Болмашы жастың кеңістікте бар-жоғы да біліне бермейді. Тіпті адамның көз жасы жерге түспей-ақ, ғайып болады емес пе? Адам өмірі де осы бір тамшы секілді өте нәзік. Менің пайымдауымша, адам болып өмірге келгендіктен өзіңнің мақсат-мұратыңа адал, әр сәтіңді құрметтеу, уақытыңды бағалау, жақыңыңды аялау, әлемнің ішінде бар екеніңді ұғынудан асқан бақыт жоқ. «Бір тамшы көздің жасындай» әннің әр сөзі, әр қатары кемел философиялық мән-мағына жүгін көтеріп тұр. Бір тамшы көздің жасы құрғап кеңістікке ұшып кеткеніндей адам да мәңгілік мекеніне аттанады. Сол себепті де әр пенде осы өмірге неге келдім? Не бітірдім? Мен кіммін? деген сынды ар алдындағы сұрақтарына жауап іздейтіні анық. Бас ақын Абайдың да, басқа да ойшылдардың да басын қатырған сұрақ менің де жан дүниеме де тыныштық бермейді. Меніңше, мен сол бір тамшы көздің жасындай жылт еткен ғажайыпта мен де бармын! Менің елу жылдан астам тарихы бар шығармашылығым мәңгілік жасайды деп сенемін. Осы әннің жалғасындай «Армансыз күнім болмайды» деген әнімнің де жарыққа шығуына осы ой түрткі болды. Адамның арманы мен мақсаты болмаса мәнді ғұмыр кешпейді. Әр таң сайын, әр сәт сайын адамның арманы алға жетелейді. «Мен арманыма жеттім» деген күні-ақ жаңа үміт пен арман пайда болады. Осылайша, адамның арманы таусылмайды. Менің де әлі қолым жетпеген асқақ армандарым бар. Жарық дүниеде жарық бейнеге айналу, жақсы адам болып қалу, артыңнан өшпес із тастау, ұлағатты ұрпақ қалдыру басты мақсатымыз. Өмірден өткеннен кейін де, «жақсы адам» еді, деп елім еске алып жатса жетеді. Осындай ойларды қағазға түсіріп, халыққа жеткізіп, әр адамның өмір сүрудегі түсінігін кеңейтіп отырмын деп есептеймін. – Қазіргі жас ақындардан кімді оқисыз? – Ақиқатын айтсам, қазір екінің бірі ақынмын дейтін болды. Бірнеше өлең жазып, оны әлемжеліде таратып, ақынмын деп шыға келеді. Ұйқасы келгеннің бәрі өлең емес екенін түсінгісі келмейтіндер де бар. «Мен ақынмын» деп өзін-өзі жарнамалап жүрген жастардың ертеңі алаңдатады. Біздің буындағы ақынжазушылар ешқашан «ақынмын» деп айтып көрмеген. Оны әбестікке балайтынбыз. Шынымен, ақындық өнер ме? Жоқ әлде табыс табуға жаралған кәсіп пе? Жазған шимай-шатпағыңның құны қандай? Шығарманың бағасы бар ма? Бір сәттік пе, әлде мәңгілік пе? Ал мұны таразылайтын уақыт пен оқырман. Қазіргі уақытта мақтангершілік пен даңқойлыққа бейім жастар көп. Ондай кеудемсоқтық абыройға бастамайды. Тағы да бір кемшілігіміз, көптің батасын алған, елге салмақты ойын жеткізе білетін саңлақтарды қадірлей алмай келеміз. Шығармашылық ортада жүріп, әрқилы жастарды көріп жүрмін. Атаққұмар пен мансапқұмарлар көбейіп барады. Оған себеп, іліп алар дүниесі жоқ, бірақ көкірегі көк тірейді. Ондайлар түбі даңғырлаған бос қауақтай қаңсып қалатынын білмейді. Өйткені, төрелік ететін халық. Парадокс. Талай тау тұлғалы таланттар жүр, бірде-бір марапатқа ілінбеген. Сонда да еңсесі биік, еңбегі жемісті. Өйткені қалың оқырманы бар. Меніңше, халықтың берген бағасынан асқан биік мінбер жоқ. Міне, менің өмірлік ұстанымым да осы. Ақын деген елдің ар-ожданы! Елдің намысы! Қай ел ақынын қадірлесе, сол ел нағыз батыр ел! Ақындар көзі тірісінде бағалануы керек. Көп қаламгерлердің шығармашылығында тоқырау болғанын байқаймын. Өйткені қоғам руханияттан алшақтап барады. Қаламгердің қадір-қасиетін бағалау кемшін. Біз «әй, өлең жазатын кісі ғой, қиялдап әр нәрсені жаза береді» деп, талай ақындардың түбіне жетіп, «тірідей» өлтіріп жүрміз. Әр шығарманың өзінің құндылығы артып, халықтың мойындайтын уақыты болады. Бүгін болмаса, ертең бағаланатын сәті туындайды. Ал кейбір жазбалар дер кезінде бағаланбауы да жанға батады. Президент соңғы Жолдауында руханиятты көтеру туралы өз ойын айтып, кітап оқудың маңызын сөз етті. Менің ойымша, руханияттың өкілдері саналатын ақын-жазушылар, баспагерлер, суретшілер, дәстүрлі әншілерді қолдаудың жаңа бағдарламасы ауадай қажет. Соңғы уақыттарда университеттерде, мектептерде кездесулерге барып жүрмін. Балалар мүлдем кітап оқымайтыны көзге көрініп тұрады. Қойған сұрақтары тым қарабайыр,ойлары таяз. Ал көп оқитын ізденімпаз жастар салмақты сауал тастап, ортақ мүдде жолындағы мәселелерді қозғайды. Бұдан жоғары оқу орындағы оқытушылардың білімінің таяздығын, ізденісі аздығын аңғарамын. Қуанып барып, жаным жүдеп қайтатын кезім көп. Айтпағым, кітап оқу, газеттен жаңалық іздеу – зиялылық! Дамыған елдерде зиялылықты отбасында қалыптастырған. Таң ертең газет-журналдарды оқып отырып таңғы ас ішуінің өзінде үлкен мағына бар. Бір ғана Жапонияда бас қалада қазір болып жатқан жаңалық жайлы жазылған газетті шалғай ауылдағы ағайын бір сағат ішінде арнайы дүкеннен сатып алып оқып отырады. Олар балалар үшін интернет қауіпсіздігін бақылауында ұстап отыр. Өзінің тіліне, дініне, діліне ие болудың үлгісі дер едім. Міне, біздің ел де тура деңгейге қашан жетеді? – Интернеті дамыған заманда өскелең ұрпаққа кітапты қалай оқытуға болады? – Өте өзекті мәселені айтып отырсыз. Соңғы он жылдықта жастар да, үлкендер де телефонға тәуелді болып алды. Ақын-жазушылар қалталы болмаса да бар жиған тергенін кітабына жұмсап, тәуір дүниені насихаттағысы келеді. Елге қажетті рухани құндылыққа бай баға жетпес кітаптар оқырманын таппай, шаң басып сөреде тұр. Сатып алу тұрмақ, мемлекеттік кітапханадағы кітапты алып оқуға ниет жоқ секілді. Оқырман залы қашан барсақ та құлазып жетімсіреп тұрады. Себебі, оқырман жоқ. Әсіресе, соңғы 5 жылда «кітап-журнал оқымайтын» халыққа айналып тұрғандаймыз. Газет те солай сияқты. Тым жақсы тақырыптар тарап жатады. Бірақ, халық одан хабарсыз!? Неге? Оқуға дағдыланбағанбыз. Надандықтан шықпасақ, қалай дамымақпыз? Менің ойымша, зиялы қауымға арналған бірнеше басылымды қол жетімді бағада оқуға жағдай жасау керек. Халық қандай тақырыпқа қызығады? Осыны зерттеу керек. Денсаулық жайындағы газет-журналдарға халықтың сұранысы жоғары. Сондықтан, халық сауалдарын тыңдап, маман кеңесін беретін бұрыш қажет деп санаймын. Әр отбасында «кітап сағатын» күнделікті өткізіп, зиялылыққа жол ашу керек. Газет – халықтың үні, зиялылықтың ізі. – Шығармашылығыңызға «жиендік жасалған» сәт болды ма? Плагиатқа деген көзқарасыңыз қандай? – Ондай келеңсіздік болған емес. Өзім ешкімнен ұрламаймын, идея алсам да сөзіне көз салмаймын. Кімде де кім плагиат жасаса оны мүлдем кешірмеймін. Әр сөзімде менің намысым тұр. Алтын уақытымды сарп етіп, жақсы дүние жазу үлкен күшті талап етпей ме? Мен қалайша жайшылықта несібемді қия салмақпын? Расында, әр шығарма менің бір перзентім секілді қымбат. Авторлық құқымды заң аясында қорғаймын. Өкінішке қарай жиендік деген әдебиетпен бірге жасасып келе жатқан құбылыс, осындай қадамға бару ешкімге абырой әпермейтінін жас буын көңілге түйіп алғаны жөн.Талантты тұлғаның тәуір дүниесіне көзін салып,қолды ету құбылысы әлі де бар. Халық газетжурналды көп оқымайтындықтан мұндай олқылықты аңғармауы да қалыпты жағдайға айналды.Плагиат бүгін әшкере болмаса да, түбі тарих беті қайта қопарылып, ұрлығы ашылады. Ондай масқаралықты халық кешіре ме?! – Төл газетіміздің оқырмандарына қандай тілек айтасыз? – Газет – халықтікі! Оны оқып қою аз, төл газеттің бетінде оқырманның да қолтаңбасы қалып, ой-тілектері айшықталып жатса басылымға одан сайын бауыр баса түседі. Төл жарияланымдарыңыздың өмір жолы ұзара түссін. Жаңақорған халқының берекесі мен несібесі артып, мәртебесі биіктей берсін! Р.S. Жергілікті басылымның тілшісімен бүкпесіз сұхбаттасуға келісім берер ме екен, жоқ па екен деген күдігімізді шәйдай сейілтіп, емен-жарқын ішкі сырын ақтарған ақын ағамен қоштасар сәтте қолтаңба алуға ақынның төл туындысын ала барған едік. Қолына қаламын алып, көзілдіріксіз-ақ ақ қағазға ақын ағамыздың қаламынан төмендегідей көркем тілек төгіліп түсті: «Айналайын, Мақпал! Мынау өмірге бір-ақ келетін жан өз бақытын іздеумен өтері анық. Бақытты болғайсың!». Біз де абыз ақынның осы сөзімен тақырыпты түйінделік.
Мақпал МАРҚАБАЙ