№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Еңбекпен шыққан төр биік

Еңбекпен шыққан төр биік

Ел игілігі жолында еселі еңбек етіп, адал ісімен көпке танылған тұлғалардың жүзі жарық, мерейі үстем. Бар күшқайраты мен жастық жалынын еліміздің өрлеу жолына арнап, аудан ағарту саласының көшбасшысына айналған жанның бірі – Пәтима Тұртанова ҚР Ағарту министрлігінің “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі” атанды.



   Сонау 2012 жылдары елімізде «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылып, әр аймақта жеке балабақшалар ашылғаны есімізде. Жүзден астам балабақшалардың жұмысын жүйелеп, жоспарын пысықтап, әр баланың заман талабына сай тәлім алуы жолында Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері Пәтима Тұзақбайқызының табанды еңбек еткенін тілмен жеткізу мүмкін емес еді. Шалғай ауылдарға жиі-жиі барып, ондағы тыныстіршілікке дем беріп, өзінің тәжірибесін тең бөлісті. Әр тәрбиешіге жаңа технологияны игеру мен тәрбие берудегі озық әдіс-тәсілдерді тәтпіштеп түсіндіріп, көптеген мамандардың біліктілігін арттыруға жол ашты. Қысқасы, қала мен ауылдың тәрбие берудегі алшақтығын жойып, халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып аудандағы екі мыңға жуық тәрбиеші қауымның мықты маман болуына күш-жігерін аямады. Ауданда жиі-жиі семинар-тренинг өткізіп, мегаполистен білікті мамандарды шақырып сабағына қатысуға мол мүмкіндік жасады.

Бүгінде ауданның бүлдіршіндері 100 пайыз балабақшамен қамтылды. Міне, бұл көрсеткішке жету жолында да Пәтима Тұзақбайқызының еселі еңбегі зор. Кезексіз-ақ балабақшаға еркін қабылдануға мүмкіндік бар. Әр балабақшаның дамуы мен жұмысының кеңеюіне мониторинг жүргізіп, бағытбағдар беру де өз алдына бір жұмыс.

Табиғатынан тазалық пен адалдықтың нұры төгіліп тұратын тұлғаның өзіне тән болмысы бар. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген даналық сөзді өміріне ұстаным ететін байқаймыз. Мың сан мәселені арқалай келген маманның әр ісіне байыппен қарап, ақылкеңесін беретін жетекшінің сабырлығы мен байсалдығына тәнті боласыз. Тәкәппарлық пен мақтангершіліктен жаны ада адамның жолы әрқашан ашық болатыны даусыз.

Бүгінде ол Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері, 23 жылдық тәжірибесі толысқан маман. Жетістіктерін сөз етсек, биыл Қызылорда облысының «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының медалін кеудесіне тағып, Құрмет грамотасымен марапатталды. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасының «Алғыс хатын» алды. «Алтын көмбе» зияткерлік ойынынан жеңімпаз команда дайындағаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, аудан әкімінің «Алғыс хаты», аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты», Педогогикалық шығармашылық орталықтың « Алғыс хаты», Облыстық аналар кеңесі , іскер әйелдер қауымдастығының «Алғыс хаты» табысталды.

Ол – ұстаздар династиясының ұрпағы. Әкесі 45 жыл ауыл балалары үшін бар бейнетті көрген педагог, бір туған бауырлары Айман мен Лора да білім саласында қызмет етуде. Анасы Анар Боранбаева ауылға сыйлы, ибалы кісі еді. Пәтима Тұртанованың бойынан анасының сүтімен сіңген қонақжайлылық, көпшілдік, жомарттық қасиетті аңғарамыз. Ол әкесінің маңдай тері сіңген №180 мектепте еңбек жолын бастап, мұғалім, одан әрі мектеп директорының тәрбие және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып 10 жыл қызмет етті. Осы он жылда әкесінің педагогикалық мектебінен өтіп, әбден ысылып, құжат ісінің қырсырын меңгеріп, мықты маман болып қалыптасты. Ұйымдастырушылық қасиетін жоғары бағалаған басшылар аудандық білім бөлімінің жұмысын жандандыруға ұсыныс жасап, осы күнге дейін сол межені бағындырып келеді. Ауданда тәжірибе алаңы шығармашыл мұғалімдерге жетекшілік етеді

Ол жаңа оқу жылы қарсаңын­да Қазақстан Республикасының оқуағарту министрлігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі» атанып, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Ауданның абыройын биікке өрлетіп, марапат мінберіне көтерілген Пәтима Тұзақбайқызы: –

Осынау айтулы мереке қарсаңында мерейімді көтеріп, еңбегімді елеп, биік мінберге көтеріп жатқан басшылыққа ризашылығымды білдіремін. Бағындырған белесіме шынайы қуанып, алғысын айтып жатқан жерлестерімнің бары мені одан әрі шабыттандырып, жұмысқа деген жауапкершілігімді нығайтуда. Ауданның білім деңгейі жоғарылап, білікті ұстаздардың қатары артуы үшін бар мүмкіндігімді ортаға салып, талапты шәкірттердің шыңға өрлеуіне еңбек ете береміз, – дейді бізге берген сұхбатында.

Біз де мақсаты айқын, жұмысы жүйелі жанның қуанышына ортақ болып, ел мүддесі жолында әлі де талай жетістікке жететініне, асқар тау әкесінің аманатына адал болатынына, туған жердің өркендеуіне өз үлесін қоса беретініне үлкен сенім арттық.

Мақпал Марқабай
28 тамыз 2023 ж. 1 529 0