№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Өткен күндер өнеге, келер күндер көкжиек

Өткен күндер өнеге, келер күндер көкжиек


«Жақсы адам қартайса – қазына» дейді дана халықтың даналығында. Әсілі, мұндай ой оқығын-тоқығаны мен көрген-бiлгенiн елдің игілігіне жаратып, ақсақалдық қасиетiн сақтап, жоғалтпай үлкейген тұлғаға бағытталып айтылғандай. Міне, осы ұлағатқа лайықты ақсақалдың бірі – Әріпбек Асановты «Сенбілік сұхбат» алаңына шақырған едік.
– Тәуелсіздікке ширек ғасыр толды. Осы жылдары Елбасының басшылығымен ғасырға бергісіз жұмыстар атқарылды. Десе де, біз нені ұмытпай, нені ұлықтау керекпіз?
– Ең бірінші Кеңестік билік алаш зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратып, солақай саясаттың кесірінен қарапайым халықтың 40 пайызын қырып-жойғанын ұмытпау қажет. Яғни, большевиктік биліктің қазақ халқын тарих сахнасынан ысырып тастау идеясын ұмыту тарихққа қиянат жасаумен бірдей болады.
Ал, ұлықтайтын жағдайлар көп. Мәселен, бабалардың «Ұлы халық» болғаның мақтанышпен айтып, қазақ тарихындағы тарихи тұлғаларды ұлықтау керек. «Мәңгілік Ел» идеясын жастардың бойына сіңіріп, өміршең, жасампаз ұлт болуды ойлау керек.
– «Мәңгілік Ел» болу үшін алдымен жаһандану деген аждаһаға жұтылмау қажет. Олай болса, жаһандану дәуірінде қазақ қоғамының бағыты мен бағдары қандай болуы тиіс?
– Жаһанданудан қашып құтылу мүмкін емес. Алайда, бұл процес қалай орын алуда? Осыны зерттеп, зерделеу керек. Шынын айту керек, жаһанданудың сценарийі американдық үлгіде жүруде. Егер үңіле қарасаңыз, біржақтылық пен үстемдік үлгісінің бар екенін көресіз. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттың, аймақтық мәдениеттер мен құндылықтарды жұту үрдісі жүруде.
– Жұтылудан сақтайтын жол қандай?
– Күн шығыс елінің ұстанымы дұрыс. Олар «Жапондық рух, батыстық технология» қағидасын ұстанып, ұлттық менталитетті жаһандық үрдіспен сәтті ұштастырып келеді. Әрі әлемдегі озық мемлекеттің біріне айналды. Олай болса, қазақ халқы ұлттың өзіндік болмысы, табиғи сипатынан айырылмау керек. Демек, жастардың тәрбиесіне, әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне қатты мән беру қажет. Себебі, қызды тәрбиелеу, ұлтты тәрбиелеумен бірдей. Бір сөзбен айтқанда, әйел азған соң ел тозады. Одан басқа жол жоқ.
– Айтқаныңыз дұрыс-ақ. Алайда, ұлттық ерекшелікті қалай сақтауға болады?
– Ең бірінші, ана тілі салтанат құруы тиіс. Екіншіден, ұлт тәрбиесі – ұлттық өнерде. Үшіншіден, ұлттық тарихпен жастарды сусындату керек.
– Осы құндылықтарды сақтауда ақсақалдар институтының орны қандай?
– Орынды сауал. Қазақ халқының ел билеу дәстүріндегі қалың бұқара мен биліктің арақатынасына көпір қызметін атқарған институт – ақсақалдар кеңесі еді. Қуантатыны «Ауылда көне-көз қария болса, жазып қойған хатпен тең» деген мәтелді санасына сіңіріп өсіп келе жатқан жастар көп. Сондықтан, ақсақалға қарап бой түзеп, сөзін жерге тастамайтын ұрпақ өсіп, жетілді. Ендеше ақсақалдар институты ұлттық құндылықтарды дәріптеуде орны ерекше.
– Бүгінде жас ұрпаққа саналы білім, тәлімді тәрбие беріп, ұлттық құндылықтармен сусындатуда ұстаздарға да күш түсетіні айқын. Дегенмен кейінгі жылдары мұғалім­нің білім деңгейі бәсекеге қабілетті емес деген сөзді жиі еститін болдық. Мұны қалай түсіндірер едіңіз?
– Ғылыми-техникалық прогресс шырқау шыңына шығып, адамның ақыл-ойы мен қабілеті шексіз дамыған, компьютер мен интернет арқылы әлемдік ақпараттар тасқыны өршіп тұрған қазіргі кезде мұғалімнің еңбегі де күрделіленіп, қиындай түсті. Қазіргі мұғалімдер жиі-жиі өз біліктіліктерін жетілдіріп, оқып-ізденбесе уақыт көшіне ілесе алмай айдалада қалатыны айдан анық. Бүгінгі жас балалардың компьютерлік, электрондық техниканы игеру қабілеті аға ұрпақтан едәуір жоғары. Сондықтан, қазіргі мұғалім өз шәкірттеріне тиянақты білім беріп, өзінің ұстаздық міндетін ойдағыдай атқаруы үшін қажымай-талмай ізденіп, еңбек етуі керек.
– Енді саяси мәселелерден гөрі, өзіңіз жайлы ойыссақ. Қария Әріпбекті ел біледі, жұрт таниды. Оның атқарып жүрген жұмыстарынан хабардар. Бірақ, «жас Әріпбектің» қандай болғанын біле бермейді...
– Жас Әріпбек 1963 жылы орта мектепті «Күміс медальмен» бітірді. Сосын медициналық институтқа оқуға түсті. Алайда, белгілі жағдайларға байланысты оқуды аяқтай алмады. 1981-1987 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) білім алды.
– Естуімше, сіз спортшы болдыңыз. Солай ма?
– Иә. Медициналық институтта оқып жүргенімде Әбдісалам Нұрмахановтың қол астында жаттығып, бокстан спорт шеберіне үміткер спорттық дәрежесін қорғадым.
– Жастық шақта жақсы спортшы ғана емес, институт жатақанасындағы «мен» деген жігіттің бірі болдыңыз. Оны неге айтқыңыз келмейді?
– Студенттер үйіне емін-еркін кіріп-шығып, тіптен, мен келе жатқанда студенттер бөлмесінен шықпайтын кездер болды. Бірақ, ол жайлы айтудың қажеті жоқ (Күліп).
– Ақүйік аты мықты спортшыларымен аты шыққан ауыл. Мұның сыры неде?
– Марқұм Серік Әбдірахманов институтты бітіріп келгеннен кейін, спорт мектептің филиалын ашуға көп еңбек сіңірді. Одан кейін ауыл жастарын еркін күреске баулып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Мәселен, бір халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен алты спорт шеберін шығару анау-мынау бапкердің қолынан келе бермейтін іс. Міне, осы дәстүрді бүгінгі буын сәтті жалғастырып келеді.
– Спортшы ретінде Сізде қол ұшыңызды берген шығарсыз.
– Жалпы, спорт батылдыққа, бауырмал-шылдыққа баулып, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетін шыңдайды. Сондықтан, жастардың спортпен шұғылдануын қолдаймын, қуаттаймын. С.Әбдірахманов жұмысшылар комитетінің төрағасы кезінде «Аға, көмегіңіз керек болып тұр» деп келгенде барынша жәрдемдесуге тырысатынмын. Алғашында мектептен жаттығатын кабинет алып беруге атсалыстым.
– Спорттан өзге неге қызықтыңыз?
– Баян, домбыра тартып, ән салушы едім жастау кезімде. Қазір Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін шертіп, рухани демалатыным бар.
Айтқандай, ХХ ғасырдың 70 жылдары ауылдағы «Халық театрын» құрылуына бір кісідей атсалыстым.
– Қазір ақсақалдар кеңесінің төрағасы қызметіне адалдық танытып отырсыз ба?
– Ауыл жұрты лайықтысын деп тапқаннан кейін өмірден жиған тәжірибем мен білік-білімімді ауылдың рухани-мәдени, экономикалық дамуына жұмсаудамын. Ауылдағы кез-келген жұмысқа өзімдік үлесімді қосуға тырысудамын. Енді аудан әкімдігі Ақүйікті «пелоттық ауыл» ретінде дамытуды жоспарлап отыр екен. Бұл жұмыстарға да өз үлесімді қосуға кү саламын. Ал, қызметке адалдығым жайлы бағаны халықтың өзі береді.
– Ақүйіктің екінші атауы «Бірлік». Неге?
– Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқандықтан айтылған ғой! Үнемі ақүйіктіктер тірлікті бірге атқарып, сапалы орындауға дағдыланған. Мәселен, жылда Наурыз мейрамын жоғары деңгейде атап өту дәстүрі қалыптасты. Биыл көктемгі қарғын судан ауылдың аман қалуы ауыл азаматтарының ауызбіршілігінің арқасы дер едім.
– Осындай ауылда өскен ұл-қыздарыңыз бақытты болар!
– Иә, осы ауылда достық пен бауырмалдықтың парқын түсінген перзенттерім өмірден өз орнын тапты. Бейбітжан мен Сәбит кәсіпкер болса, Ғабитім Сауд Арабияда келісімшартпен жұмыс жасайды. Сандуғаш есепші болса, Жансая мен Мақпал білім саласында қызмет етуде. Бірі мектепте, екінші колледже білікті маман ретінде өздерін дәлелдеп жүр.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
18 қаңтар 2018 ж. 1 870 0