№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Отбасы құндылықтары қоғамның тірегі

Отбасы құндылықтары қоғамның тірегі

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай аудан әкімдігінде отбасы құндылықтары мен қадырқасиетін сақтау мәселелеріне арналған брифинг өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы сұқбат беріп, атаулы тақырып аясында келелі ойлар өрбітті, отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесін тіктеуге бағытталған мән бере отырып, керемет ұсыныстар сөз етілді. Іс-шараның мақсаты-отбасы институтын бекіту және отбасылық құндылықтарды сақтау, ерлі-зайыптылар арасында ажырасуды азайту, отбасылық қатынастардан шығатын дауларды басуға бағытталып отыр.


– Халықаралық Отбасы күнінің маңызы жөнінде не етпексіз? Бұған не айтар едіңіз?

– Жыл сайын бүкіл әлемде 15- ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтікэкономикалық дамуына қомақты ықпал ететін тетік ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді. Бұл күн 1994-ші жылдан бері аталып өтілуде және БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993- ші жылдың қыркүйек айындағы Халықаралық отбасы жылы туралы резолюциясында бекітілген.

Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың қазіргі замандағы отбасының жағдайына алаңдаушылығынан қоғамның негізгі институттарының бірі ретінде отбасының маңызын арттыру мақсатында туындаған еді. Бүгінде елімізде әрбір отбасының ырыс-берекелі әрі бақытты өмір сүруі үшін ауқымды жұмыс атқарылуда. Мемлекет, әсіресе, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды өз қамқорлығына алып отыр. Біздің ауданымызда да көп балалы аналарға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ұдайы көмек көрсетіліп келе жатыр. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – мемлекетіміздің мызғымас қазығы болып табылатын отбасы берекесін нығайтып, қоғам назарын отбасына аудару, отбасындағы зорлықзомбылық жағдайларын болдырмау болып табылады. Еліміздегі отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында жыл сайын, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәстүрлі «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіліп келеді. Байқау – ауыл аймақтан басталып, облыстық, республикалық деңгейде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүр. Әр жылы тұрақты түрде өткізіліп тұратын «Мерейлі Отбасы» байқауында еліміздегі ең үлгілі саналатын отбасылардың тағылымға толы өмірлері насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы елімізде дәстүрге айналып кетті. Отбасы құндылықтарына негізделген салтдәстүрлерді ұлықтау – әр шаңыраққа артылған жауапкершілік. Кез келген жанұяның өзгелерден ерекшеленетін құндылықтары болады. Отбасыдағы құндылықтардың негізі махаббаттан, сенімнен, өзара түсіністіктен, береке-бірліктен бастау алады десем қателеспейміз. Өйткені, олар ғасырлар бойына маңызын жоймайтын құндылықтар. Бала атаанасынан, жақын адамдарынан үлгі алып, кейінгі өміріне азық етеді. Отан ортақ үйіміз деп қарайтын болсақ. Ортақ үйіміздің шаңырағын шайқалтпай, уығын тіктеп, керегесін кеңейтіп, береке бірлігін ұйыта ұстау ортақ міндетіміз.

– Отбасы құндылықтарын сақтап қалу үшін ауданда қандай бағыттар бойынша жұмыс жасап жатсыздар?

– Бүгінгі таңда отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы екені айқын. Ауданда отбасын нығайту мен әл-ауқатын жақсарту жайында кешенді жұмыс жолға қойылып отыр. Отбасының маңыздылығын түсіне отырып, отбасылық және гендерлік саясат саласында сандық және сапалық әлеуметтік зерттеулер жүргізу, отбасылық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыруды жолға қойып келеміз. Әсіресе, көп балалы отбасылардың жағдайы, отбасындағы ажырасулар мен ата-ана әлеуеті бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп жатыр. Жастарды отбасылық өмірге дайындау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде ақпарат құралдары арқылы насиқат жұмыстары жүріп жатыр. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қанатты сөз бар. Бұл нақыл халықтың салт-дәстүрі, адамгершілік құндылықтары, отанға деген сүйіспеншілік, еңбек-сүйгіштік қасиеттердің барлығы отбасы – ошақ қасынан басталатынын меңзесе керек. Әкенің тағылымын, ананың өнегесін алған баланың болашаққа деген қадамы батыл, жігері нық болып өсетіні сөзсіз. Біздің мемлекетімізде отбасы институтын қолдау, соның ішінде ана мен бала қамқорлығына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта, біздің ауданымызда да атқарылып жатқан игі істер аз емес. Айталық, білім беру ұйымдарында, жастар арасында дөңгелек үстел, сүбелі сұқбат, еркін басқосулар өтіп тұрады. Өйткені, тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес. Қазақта «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Атаға не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөздер бар. Осы нақылдарға қарап бар мәселе отбасынан басталатынын терең ұғуға болады.

– Отбасы күніне орай, қандай игі істерді қолға алып жатырсыздар?

– Байыбына барып қарасақ, отбасы – кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. Отбасы құндылығы ешқашан қажеттілігін жоғалтпайды. Ұлт болашағында отбасы ең басты тұғырды иеленеді. Сондықтан да, аудандық кәсіптік колледже, мектептер мен балабақшаларда «Отбасы бақыт мекені» тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылып, келелі әңгімелер айтылды.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» арнаулы орталығы қызметкерлерімен қиын жағдайға түскен қыз-келіншектерге, отбасылық кәсіп ашуға ниетті азаматтарға, көп балалы аналарға әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша кеңес беріп, арнайы қызметтер көрсетіліп жатыр. Одан бөлек, отбасы күні қарсаңында некеге тұрған жас отбасыларға салтанатты түрде «Неке куәліктерін» табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

Аудандық деңгейдегі «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының ауылдық, аудандық қатысушы отбасыларды іріктеп, әлеуметтік желілерде насихаттай отырып, қолдау көрсетуді назарға алдық.

Сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайға түскен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отырмыз.

– Арнайы күнде аудан халқына тілегіңіз?

– Отбасы күнінің мерекеленуі атаулы күннің шырайын кіргізіп, жауапкершілігінің маңыздылығының арттыруына ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - барша халқымыздың табысты болашағының кепілі.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Отбасы – қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Мерейлі мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға бақбереке, елімізге тыныштық тілеймін!

– Сұхбатыңызға рақмет!
 
Әсел Рзаева

А
16 мамыр 2023 ж. 1 006 0