№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шаралар онлайн форматта өтеді

Шаралар онлайн форматта өтеді

Халықаралық отбасы күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Мерекеге орай «Менің тату отбасым» тақырыбында бейнеролик байқауы, «Жеті ата» атты жастар арасында челлендж, «Менің отбасым» тақырыбында фотокөрме, «Ер бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты семинар ұйымдастырылады. Шаралар каратин талабына сәйкес онлайн форматта өткізіледі. Ал бүгін Жастар орталығында «Жас отау» клубы ашылады.
- Аты айтып тұрғандай бұл жас отбасыларға арналған клуб. Статистикаға сүйенсек, ажырасушылардың көпшілігі некеге үш жылдың көлемінде тұрғандар арасында орын алады. Клубта кеңестер беріліп, шаңырақтың шайқалмау үшін мәмілеге келтірмек, - деді әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова.
Облыста 141 мыңнан аса жанұя бар. Оның 40014 көпбалалы отбасылар. «Алтын алқа» иегері - 4374, «Күміс алқа» иегері – 9781. Он мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Көпшілікке үлгі болып, ұрпақ өрбітіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жанұяларды насихаттау мақсатында жылда дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылып келеді. Аудандық және қалалық кезеңі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өткізіледі. Ал облыстық кезеңі 1-15 шілде аралығына жоспарланған. Облыста үздік атанғандары қыркүйек айында Отбасы күніне орай ұйымдастырылатын республикалық кезеңге қатысады.

14 мамыр 2021 ж. 570 0