№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Ақбаян" әлеуметтің мүддесін қорғайды

"Ақбаян" әлеуметтің мүддесін қорғайды


Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы сәттерінен бастап гендерлік саясатқа, әйелдер мен балаларды қолдауға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға баса назар аударып келеді. Қазақстан гендерлік теңгерім бойынша 140 елдің арасында 44-орында, ал әйелдердің экономикалық жағдайы бойынша 30-орында тұр екен. Ақиқатында саналы, инабатты, иманды ұрпақ тәрбиелеу және шаңырақтың шаттығын сақтау нәзік жаратылыс иелеріне жүктелген. Сол себепті де, елімізде арнайы бірлестіктер құрылып, түрлі жұмыстарды атқарып келеді. Біздің ауданымызда да «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің барын білеміз. Атаулы бірлестік қандай жұмыстар атқарып жатыр? Осы сұрақтарды «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Күлән Әбілтановаға қойған едік.

– «Ақбаян» қоғамдық бірлестігі қалай құрылды?

– «Ақ баян» әйелдер қоғамдық бірлестігі 2009 жылы заңды түрде қоғамның барлық саласындағы әйелдердің белсенділігін арттыру және отбасындағы әйел ананың рөлін арттыру мақсатында құрылды. «Ақбаян» бірлестігінің мүшелері ауданның барлық саласында еңбек етіп жүрген тәжірибелі әйел-аналардан құрылған. Қоғамның барлық салаларында әйеланалардың рөлі мен азаматтық бастамашылығын, қоғамдық саяси белсенділігін арттыра отырып, олардың әр түрлі жобаларға, байқауларға қатысуға ықпал ету көзделген. Сонымен қатар, әйелдер қоғамдық бірлестігі мемлекеттің демографиялық саясатын насихаттап, отбасы құндылықтарын дамытуға арналған шараларды іске асырады. Бірлестіктің мүшелері әр түрлі мамандық иелері, яғни олар психологтар, педагогтар, экономистер, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар.
– Айтыңызшы, қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты қандай?

– Бірлестік ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін ауданның саяси-қоғамдық өміріне, қыз-келіншектердің белсенді қатысуына және әйел құқығын қорғауға бағытталған республикалық, халықаралық заңдардың орындалуына ықпал ету еді. Сонымен қатар, әйелдер мен қыз-келіншектерге конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп, оқытушы қыз-келіншектер мен студент қыздардың кәсібіне, ғылыми шығармашылық өсуіне мүмкіндіктер жасайды. Оларды әртүрлі жобалар мен байқауларға қатыстыра отырып, бәсекеге қабілетті етуді мақсат етіп келеміз.
– Осы күнге дейін қоғамға қажетті қандай жұмыстар атқарылды?

– «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігі аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп үстіміздегі жылы бірнеше жобаны іске асырды. Соның ішінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына аудандық іріктеу жұмыстарын жүргізіп, үш отбасы анықталып, оның екеуі облысқа жіберілді. Одан бөлек, қыркүйек айының екінші жексенбісінде «Отбасы» күніне орай «Отаным – отбасымның жылы ұясы» атты үлкен іс шара өткізілді әрі осы күні босанған жас аналарға сыйсыяпаттар табыс етілді.

Сонымен қатар, қайырымдылық акциясын да ұдайы ұйымдастырып тұрамыз. Биылғы жылы жеті отбасыға көмек көрсетілді. Жалпы, біз бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде дөңгелек стол ұйымдастырып келеміз. Ондағы мақсатымыз, баланы жақсы тәрбиелеу үшін ата-ананың өзінің ресурсы, құзыреттілігі, мақсаты болуы керек екендігін көрсете отырып, пікі алмасу кезінде ауданға үлгілі үлкен аналарымыздың ақыл-кеңесін тыңдай отырып, әркім өзіне қажетті білім алады. Әрқайсысының алған әсерімен бөлісуге уақыт беріліп, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көптеген әдіс тәсілдер алуға жағдай жасалады. Қазақ – қызын, анасын, жарын құрметтеген халық. Біздің шығыстың өзге халықтарына қарағанда ерекшелігіміздің бірі осы қасиетіміз. Қыздар тәрбиесіне қатысты ауқымды кездесулер мен пікірсайыстар жүргізілді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Қазіргі қоғам талабына, заман ағымына, тіршілік тынысына сәйкес үнемі ізденіп, «Ақбаян» қоғамдық бірлестігінің жұмысын жетілдіріп, жаңалықтар енгізіп отыруға жұмыс жасап жатырмыз.

Ең бастысы кез келген ұйым ел дамуының негізіне тірек болуы тиіс. Әйел-ана ретінде үйде бала тәрбиесімен, отбасы мәселелерімен айналыса отырып, азаматының сенімді серігі, сонымен қатар, қоғамның бір қозғаушы күші десек болады. Біздің республикамыздың түкпір-түкпірінде еңбек ететін әйеланалар секілді, ауданымызда да еңбек ететін әрбір әйел де осындай, өз міндетін, қоғам алдындағы жауапкершіліктерін сезінеді. Құрылғанына он үш жылдың жүзі болған қоғамдық бірлестігіміз осы уақытқа дейін көптеген жұмыстар атқарды. Алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдіміз әрі жүйелі жұмыс жасай береміз.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Әсел РЗАЕВА
10 қараша 2022 ж. 803 0