№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Есепке жүйрік Айгерім

Есепке жүйрік Айгерім


Бүгінде балалардың зияткерлік қабілетін дамытып, ойша есепті жүйрік шығаруға  арналған ментальды арифметиканың тасы өрге домалап тұр. Біздің ауданда да есеп шығарудың аталмыш тәсілін баласының меңгергенін қалайтын ата-ананың қарасы көп. Осы ретте ауданның оқушыларына есепті шемішкеше шағудың жолдарын Айгерім Ерболатқызы үйретіп жүр.  «UCMAS» халықаралық орталығымен тікелей жұмыс жасайтын ұстаздан жаңа бағдарламамен кеңінен танысу үшін сұхбаттасқан едік.

– Жалпы, ментальды арифметика дегеніміз не? Оның балаға тигізер пайдасы қандай?
– Ментальды арифметика – 4-14 жас аралығындағы балалардың зияткерлік қабілетін шыңдауға арналған бағдарлама. Абакуспен жұмыс істеу балалардың ұсақ маторикасын дамытып, миының екі жақ жарты шарының үйлесімді дамуына әсер етеді. Оқушының зейіні мен фотографиялық есте сақтау қабілеті артып, бойында шығармашылық ойлау, байқампаздық, өз-өзіне сенімділік, жылдамдық пайда болады. Мәселен, менен «альбинос» диагнозы бар шәкірт білім алды. Нәтижесінде оның бойындағы шығармашылық қабілеті шыңдалып, сол қызым өлең жазатын болды. Жалпы, білімнің бұл түрі баланың миына сигнал беру арқылы бойындағы қабілетін оятады.
– Бұл бағдарлама біздің аймаққа қай уақыттан бастап келді? Қысқаша тарихына тоқталып кетсеңіз.
– Негізінен оның тарихы ежелгі қытайлықтар ойлап тапқан абакус есеп­теу құрылғысымен тікелей байланысты. Дәл осы құрылғының  адам миын шы­нықтыратын қасиетін байқаған малай­зиялық профессор Дино Вонг 1993 жылы UCMAS ментальды арифметика бағдарламасын ойлап тапқан. Қазірде осы бағдарламамен әлемнің 75 елі жұмыс жасап, ол елдерде UCMAS орталықтары ашылған. Біздің елге есептеудің осы түрі 2011 жылы келіп, Қызылорда облысында 2015 жылдары ментальді арифметиканың курстары ашыла бастады.

– Білуімше, сіз техникалық бағытта білім шыңдадыңыз? Кейін бала оқытуға бет бұрыпсыз. Білімнің нақ осы жаңа саласына қалай келдіңіз?
– 2015 жылдың қаңтарында UCMAS ментальды арифметика орталығының модераторлары Қызылордаға келіп ма­мандар даярлайтынын хабарлады. Сабаққа 20 қыз қатысып, соның екеуі ғана емтиханнан өттік. Содан бері осы орталықпен келісімшартқа отырып, бала­ларды есепті ойша шығаруға баулып келемін. Ал, 2018 жылдан бастап аудан шәкірттерімен жұмыс жасаудамын.
– Шамамен 7 жылға жуық осы салада еңбек етіп жүр екенсіз. Оқушыларыңыздың жеткен жетістіктері қандай?
– Негізінен қазіргі балалардың көбі есепке өте жүйрік. Тіпті, 1-сынып оқушыларының өзіне «қосу» мен «азайту» есептері түк емес. Содан болар, менің шәкірттерімнің жетістіктері баршылық. Оқушыларым, республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі орындар алып жүр. Мәселен, 2017 жылы Алматыда өткен ұлттық «Абсалютті чемпион» жарысынан І-орын алсақ, облыс атынан Садырбек Жасмин атты шәкіртім Үндістанның Дели қаласында өткен «ХІХ Халықаралық жарысына» қатысып, ІІ-орынды қанжығамызға байладық. Сонымен қатар, Жеңісбек Адина облыстан озық шығып, Дубайда өткен «ХХ Халықаралық жарысқа» қатысып, І-орынды иемденді. Жалпы, бұдан бөлек оқушыларымның облыстық жарыстарда оқ бойы озып шығатын тұстары көп. Бұл – менің ең үлкен жетістігім жеп ойлаймын.
UCMAS халықаралық орталығымен тікелей жұмыс жасаймын дедіңіз. Осы орталықпен бірігіп жұмыс істеудің қандай артықшылықтары бар?
– Әр істің өз заңдылығы бар. Ментальды арифметиканың заң­ды­лығына сәйкес, осы орталықтан тікелей білім алып, тығыз байланыста болатын, осы халықаралық орталықтың сертификаты бар адам ғана саланың нағыз маманы саналады. Егер ұстазда аталмыш орталықтың құжаты болмаса, демек ол маман емес. Кейбіреулер жеке бір орталықтардың құжатын көрсетіп бала оқытады. Бұл дұрыс емес. Түптеп келгенде, ол заңға қайшы. Құжаты жоқ ұстаздардың оқу құралдары да жасанды болады. Өйткені, UCMAS орталығы тек өзімен тікелей байланыстағы ұстаздарға ғана кітабын береді, жалақысын төлейді, жылына екі рет Алматы қаласында мғалімдердің тәжірибесін шыңдайды. Сон­дықтан ата-аналар балаларын ментальды арифметикаға берерде ұстаздың біліктілігін тексергені абзал.
– Бір кездері есепті оймен шығаратын балаларды жаңалықтардан көріп, таңдай қаққанымыз рас. Дәл қазір осындай дарынды балалар көп пе?
– Әр бала дарынды. Тек қабілетін шыңдай білу керек. Қазір кенттегі «Сана» жеке бастауыш мектебінде сабақ берудемін. Іскендір Әсел, Араб Жанәділ, Ернар Асан, Ақылбек Муслима атты дарынды шәкірттерім бар. Мысалы, арифметикалық жарыстарда балаға 200 есепті ойша шығаруға 8 минут уақыт беріледі. Ал, Іскендір Әсел 200 есепті 7 минут 15 секундта шығарады. Бұл бастауыш сынып оқушысы үшін үлкен жетістік.
– Болашаққа жоспарыңыз қандай? Балаларды есепке баулуды әрі қарай жалғастырасыз ба, әлде басқа салаға бет бұрасыз ба?
– Баламен жұмыс жасау маған күш-қуат береді. Осы ісімді одан әрі шыңдай түсудемін. Қазір білімімді толықтырып, екінші жоғарғы оқу орнында білім алып жүрмін. Оқытушынын ісі үнемі ізденісті талап етеді. Болашақта мектепалды даярлық жасындағы балаларға арнап ментальды арифметика орталығын ашу жоспарымда бар
– Сұхбатыңызға рахмет. Абыройыңызды асқақтатар дарынды шәкірттеріңіз көп болсын!
Айсұлу Алданазар
07 наурыз 2022 ж. 7 710 0